Экстремизм мен терроризм және оның зардаптары

2023 жылдың қараша айының 15 жұлдызында «Су ресурстары» кафедрасының 6В08615- «Су ресурстарын басқару» ББ 3 курс студенттеріне "Діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ" тақырыбында куратор сағаты өткізілді. Куратор сағатының мақсаты: Студенттерге экстремизм, терроризм туралы түсінік беру. Бүгінгі өмірмен байланыстыру.

Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс — әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды. Ал, «Радикализм» латынның «radix» «түбір, тамыр» деген сөзінен шыққан. Термин саясатқа қатысты пайда болған. Радикализм – қоғамда қалыптасқан әлеуметтік - саяси жүйемен келіспей, оны түбірімен қайта құруды ұсынушы саяси топтың көзқарасы. Сондай - ақ, діни радикализм тіркесі өзге де «діни фундаментализм», «діни фанатизм», «діни экстермизм» секілді лаңкестік әрекеттерге қатысты қолданыла бастады.

Толығырақ

Студенттер күні құтты болсын!

Құрметті студенттер сіздерді бүгінгі 17 қараша студенттер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Оқуларыңызды қызылға бітіріп, білікті маман иесі болыңыздар! Өмірдің осы студенттік шағын қызықты өткізіңіздер!

Толығырақ

«Орталық Азияның су секторы үшін адами потенциалдарын дамыту» Эразмус жобасы

2023 жылдың қазан айының 18 жұлдызында «Су ресурстары» кафедрасының 6.2.207 аудиториясында «Орталық Азияның су секторы үшін адами потенциалдарын дамытумен бірге» Эразмус жобасының бастамасы салтанатты түрде ашылды. Бұл ашылуға Евро Одақ Университеттерінің мониторингтік топтары қатысты. Оның құрамына Италияның Бергам Университетінен Елена Бугле және Д’анджело Лариссса, Францияның Шампань-Арден Реймс Университетінен Деруан Жан-Поль және осы делегацияны бастап келген Нидерландының Делфтск Институтының ІНЕ Су Білімінен келген Серинг Мод Дженнифер болды. Сонымен қатар жобаға Орталық Азияның 15 ЖОО қатысады. Атап айтатын болсақ Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазы Дикамбаев атындағы Дипломатиялық академиясы, М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университеті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясы, Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, С.Сейфулин атындағы Қазақ Агротехникалық Зерттеу  Университеті, Қазақстан-Неміс Университеті, К.И.Скрябин атындағы Қырғыз Ұлттық Аграрлық Университеті, Ауылшаруашылық механизация және ирригация инженерлерінің Ташкент Институты, Түрікменстан Ауылшаруашылық Институты,  Махтумкули атындағы Түрікмен Мемлекеттік Университеті, Өзбекстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігінің Әлемдік Экономика және Дипломатия Университеті кіреді.

Толығырақ

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

2023 жылдың 14 қараша күні "Су ресурстары" кафедрасының 6В08615-"Су ресмурстарын басқару" ББ 3 курс студенттері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілдерімен кездесуге қатысты. Кездесу "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру"тақырыбында өрбіді. Бұл кездесуге арнайы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының басшысы Байгебаев Қайрат Оразбекұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс служба Басшысы Дидарбеков Жанибек Бақытжанұлы, Аға маман Байзаков Ғазиз Кәрімжанұлы шақырылды. Кездесу басында студенттерге арнайы дайындалған видеоролик көрсетілді. Ары қарай сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт насихат, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, студенттермен сұрақ жауап алмасу арқылы жалғасын тапты. Студенттердің осындай тәлім тәрбиелік мәні көп кездесулер арқылы тура жолдан таймайтынына кәміл сенеміз.

Толығырақ

Жұмыс берушілермен кездесу

Жамбыл облысы бойынша экология департаменті мен түлектердің байланысын қалыптастыру мақсатында 24 қазан 2023 жылы 6В05212-«Өнеркәсіптік мекемелердің экологиясы» және 6В05213-«Экология және табиғатты пайдалану» БББ 1-4 курс білім алушыларымен экология департамент басшылары Т.М. Смағұлов, А.С. Плехов және талдамалы аналитикалық зертханалық бөлімінің меңгерушісі Ж.Назарбеков және ардагер эколог  Ю.В. Пасечный және «Экология және ТӘҚ» кафедрасының ПОҚ қатысты. Кездесу барысында «Экология» мамандығының болашағы мен маңыздылығы айтылып, сонымен қатар орын алып отырған экологиялық мәселелер аясында презентация  мен видеороликтер көрсетілді. Дөңгелек үстел барысында өзекті экологиялық мәселелер талданып, білім алушылар қажетті ақпараттармен бөлісті.

Толығырақ

Асқақ арманды ақын

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жыл толуына орай «Асқақ арманды ақын» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел мақсаты қазақтың көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі және шығармашылығымен танысу, бүгінгі жас ұрпаққа үлгі – өнеге тұтып, болашақта ел-жұртының азаматы болып қалыптасуына ықпал ету.

ХІ ғасыр мен ХХ ғасыр тоғысында әдебиет әлемінде шығармаларының тақырыптық маңыздылығымен, көркемдік шешімдерімен, жанрлық ерекшеліктерімен дараланатын біртуар тұлғалармен мақтан етеміз. Қазақ халқының рухын аспандата келген оптимистік көзқарастағы ақын - жазушылар көші Сұлтанмахмұт Торайғыровтан басталады. С.Торайғыров - халқымыздың ой тілегін білдіріп, көзін надандықтан ашуды арман еткен. Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат - мақсатын, арман - аңсарын жырға қосады. Жырларындағы әр сөзі толық мағыналы тұнып жатқан ойға жетелейді.

Толығырақ

Ұстаз ұлы тұлға

"Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды" демекші, ұстаз шәкіртінің білім алып, тәрбиелі де саналы азамат болу үшін еңбек етеді. Студентінің әрбір жетістігіне қуанып, биік белестерді бағындыруға бағыттап, білікті маман болып жетілуіне үлес қосатын ұлы тұлға.

"5 қазан - Ұстаздар күні" мұғалімдердің, оқытушылар мен жалпы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында "Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" дегендей ұстаздарына құрмет көрсету мақсатында кафедрамыздың студенттері керемет кеш өткізді. Кеш барысында тұла бойы өнерге толы студенттеріміз көрініс көрсетіп, қазақтың ұлы домбырасымен күй шертіп, мәнерлеп поэзия оқып, көңіл көтерер видеолар көрсетіп, хормен керемет ән айтып, өз ықыластарын білдірді. Әр оқытушының еңбегін бағалап, арнайы сертификаттар табысталды.
Кафедра ұжымы кең пейілді көңілдерін білдірген студенттерімізге мың алғыс айтады.
Әріптестерімізді мерекесімен құттықтап, еңбектеріне табыс, отбасына амандық тілейміз.

Толығырақ

СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӨНІНДЕГІ USAID ӨҢІРЛІК ЖОБАСЫ

2023 жылдың 20-22 қыркүйек аралығында Алматы қаласында, су ресурстары және қоршаған орта жөніндегі USAID өңірлік жобасымен «Су ресурстарын ұтымды пайдалану» оқу курсы бойынша тренинг ұйымдастырылды. Мақсаты: су, азық-түлік және экожүйе ресурстары саласында жұмыс істейтін университеттердің білім беру әлеуетін күшейту. Тренингке қатысушыларды су ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша оқу курсымен және дәрістермен таныстыру міндеттері негізделген. Болашақта оқу бағдарламасын немесе оқу материалдарын жергілікті жағдайларға бейімдей алатын, осы салада магистрлерді даярлау кезінде су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша жұмыс жасайтын жоғары оқу орындарының оқытушыларын даярлау.

Толығырақ

Кәсіптік практика - 2023

2023 жылдың 29 мамырында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2022 жылғы 20 шілдеден № 2 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім берудің мемлекеттік жалпыға міндеті стандарттарын бекіту туралы» талабына және «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ Жарғысының 113 тармағының 15 тармақшасы мен 2020 жылғы 29 желтоқсанда бекітілген «Кәсіптік практика туралы» Ережесіне сәйкес «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының «Су ресурстары» кафедрасына тиесілі білім беру бағдарламалары бойынша студенттерінің оқу практикалары ұйымдастырылып, және нақты мекемелерге жіберіліп, окытушылар жетекші ретінде тағайындалды. Атап айтқанда, «Су ресурстарын басқару», «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар», «Елді мекендерді сумен жабдықтау және суды бұру» мандықтары бойынша студенттер, сала бойынша мекемелерге жолданды. 6В08613 - «Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және суды бұру» білім беру бағдарламасы бойынша 1-ші курс студенттеріне ең алғашқы - оқу практикасы да «Р. Жолаев атындағы оқу-зертханасында» басталып кетті.

Толығырақ

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары

3-4 мамыр күндері Жуалы, Талас, Жамбыл аудандарына қарасты елді мекендерде, ауылдарда орналасқан мектептерді аралау жұмыстары жүрді. Ондағы мақсат, мектеп бітірушілерге кәсіби бағдар шарасы аясында «Су ресурстары және суды пайдалану» бағдарламасы бойынша дайындалатын мамандықтарға үгіт-насихат жүргізу.
Негізі «Су ресурстары» кафедрасында бакалавр дәрежесі бойынша үш мамандық түрі бар. «Су ресурстарын басқару», «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар», «Елді мекендерді сумен жабдықтау және суды бұру» мандықтарына үміткер болу үшін, бітірушілердің физика-математика пәнін таңдап, ҰБТ-ден 50 баллдан жоғары көрсеткіші болуы шарт.

Толығырақ

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары

Ағымдағы жылдың 20-21 сәуірінде «Су ресурстары» кафедрасының атынан «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар», «Елді мекендерді сумен жабдықтау және суды бұру», «Су ресурстарын басқару» мамандықтарын мектеп бітірушілерге таныстыру мақсатында Қаратау қаласының мектептеріне жол тартық. Қаратау қаласында, жалпы әр түрлі деңгейдегі сегіз жалпы орта білім ордасы бар екен, олардың арасында, А. Байтұрсынов атындағы гимназия, Д. Қонаев, С. Сейфуллин, А. Пушкин, Ш. Уалиханов, М. Әуезов, атындағы орта мектептер, №1 орыс мектеп лицейі және лицей-мектеп бар. Оқушылардың арасында бейіндік пәні физика-математика таңдаған балаларға ерекше көңіл бөлініп, сұрақ-жауап алмасып, өте қызу пікірталас орнады.

Толығырақ

Кәсіби бағдар беру жұмыстарының жүргізілуі

Кәсіби бағдар беру жұмыстары қазіргі таңда маңызды болып табылады. Кәсіби бағдар беру - жас ұрпақты өзінің қалауындағы мамандық иесі болу үшін дайындауға бағытталған іс - әрекет. Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар.

«Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының профессор - оқытушылар құрамы жоспарға сай бекітілген Тараз қаласының «№36 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «№44 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «№2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және 125 high educational school мектебін бітіруші түлектерімен кездесіп, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде. Кәсіби бағдар жұмысында мектеп бітіруші түлектерге білім беру бағдарламалары туралы түсіндіру, білім беру бағдарламаларын таңдауға бағыт - бағдар беру, оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Тараз қаласындағы өңірлік университетімізге оқуға түсуге шақырды. Университетіміздің барлық білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берілді. Кафедрамызда оқытылатын 6В07312-«Жерге орналастыру», 6В07311-«Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау» білім беру бағдарламалары бойынша ақпараттар беріліп, таңдау пәндеріне тоқталып, кафедраның жеткен жетістіктері туралы айтылды.

Толығырақ

Үгіт-насихат жұмыстары

2023 жылы 19 сәуірде «Су ресурстары» кафедрасы оқытушыларымен Жамбыл облысы Сарысу ауданы мектептеріне үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Байқадам кентінің екі мектебіне бардық. Кафедра оқытушылары университет және кафедра туралы бейнеролик пен презентация жасады. Мектеп оқушыларына грантқа құжаттар тапсыру процедурасы қалай жүргізілетіні түсіндірілді, және де «Су ресурстары» кафедрасы мен университет буклеттері таратылды. Сонымен қатар, биылғы оқу жылында «Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасына 50 мақсатты және 20 облыс әкімі бөлінетіні айтып өтілді. Баяндама жасалған соң, мектеп түлектері грант пен құжат тапсыру туралы сұрақтар қойды.

Толығырақ

XV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

Алматы қаласында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 2023 жылдың 27-28 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоспарына сәйкес өткен XV Республикалық пәндік олимпиада өткізілді. Бұл жарысқа еліміздің 18 жоғарғы оқу орнынан 217 студент қатысты. Белгіленген 15 білім беру бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған республикалық білім сайысында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан таланты және дарынды жастарымыз бар білімін ортаға салып додаға түсті.

Толығырақ

"Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына – 165 жыл" - поэзиялық кеш

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Экология» кафедрасы және кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен 27 сәуір күні «Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына – 165 жыл толуына орай поэзиялық кеш» өтті. Іс-шараға 1-4 курс студенттері қатысты.

Мақсаты: студенттердің Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінге мән беру.
Кеште кітапхана библиографы Аленова Рысты Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық өмірін баяндады.

Толығырақ

«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУ – ӘРБІР ЖАСТЫҢ МІНДЕТІ»

Қазіргі заманда жастар тәрбиесінде жүректі имандылыққа, махаббатқа, қайырымдылыққа, нұрландыруға, ізгі іс жасауға және жүректен жүрекке адам жанына әсер ету үрдісі кең ауқымда талқыланып келеді.

Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу керек емес. Ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер жаны жабырқау жүргендерді жұбата отырып күлкі сыйласа, екіншілері қиын сәтте қол ұшын беріп, көмек жасайды. Бүгінде сондай игі істер, түрлі акциялар  қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандардың саны жылдан-жылға артып келеді.

2023 жылдың 17-ші сәуірде «Экология» кафедрасының В05212-«Өндірістік мекеменің экологиясы» БББ, 2-ші курс студенттерімен кураторлардың ұйымдастыруымен қайырымдылық өтті. 2-ші курс студенттері, соның ішінде қазақ тобы бойынша 13 студент және 1-студент орыс тобынан жақсы іс атқарып, Тараз қаласының түрғыны мүмкіндігі шектеулі мүгедек жанға арналған қайырымдылық көмек көрсетілді.

Толығырақ

Біліктілікті арттыру-уақыт үрдісі

Жоғары білім беру жүйесінде жұмыс істейтін оқытушылардың біліктілігін арттыру бүгінгі күні университеттердің кадр саясатының міндетті құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.

ЖОО ПОҚ-ның кәсіби шеберлік деңгейін арттыру оқу-әдістемелік міндеттерді шешуге, білім беру процесі сапасының жаңа көрсеткіштеріне қол жеткізуге ғана емес, сонымен қатар ПОҚ-ның кадрлық өсуіне ықпал етеді.

Бүгінгі таңда университеттің әр оқытушысының тұрақты кәсіби өсу қажеттілігі біліктілік талабы ретінде қабылданады.

Толығырақ

Су саласы мамандарын заманауи даярлау

Бүгінгі таңда су ресурстарының тапшылығы күшейіп келе жатқанда, оларды ұтымды пайдалану мәселесі ерекше өзекті болып отыр.

Сондықтан су ресурстарын сауатты және тиімді пайдалану білікті және жауапты кадрлар болған жағдайда ғана шешуге болатын маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылады.

Осыған байланысты 2023 жылғы 13-17 наурыз аралығында "ҚазСШҒЗИ" ЖШС-і мен "Қазсушар" РМК Жамбыл филиалының ПЭУ бірлесіп су шаруашылығы қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын өткізді. Семинар бағдарламасында мынадай мәселелер қарастырылды: Эксплуатациялық гидрометрияны (ЭГ) жүргізу тәртібі. Су шаруашылығы жүйелеріндегі ЭГ ерекшеліктері. Су есебі. Коллекторлық-дренаждық желіні (КДЖ) және тік дренаждық ұңғымаларды (ТДҰ) пайдалану ерекшеліктері.

Толығырақ
Top