СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ

ДӘРІБАЕВ ЖАНӘЛІ ЕРКІНБЕКҰЛЫ

ДӘРІБАЕВ ЖАНӘЛІ ЕРКІНБЕКҰЛЫ

Стратегиялық даму басқармасы жетекшісі, Химия ғылымдарының кандидаты

Байланыс телефоны: +7 771 149 41 66

E-mail: zhe.daribaev@dulaty.kz

Мекен-жайы: 2.1.205 кабинет

Сұрақ қою
Басқарма миссиясы

Жаңа даму стратегиясы және білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру Дулати университетінің рейтингін жақсартуға көмектеседі деп сенеміз.

Басқарма қызметінің мақсаты

Стратегиялық даму бағдарламасын әзірлеу және оның орындалуын қадағалау, аккредиттеу процестерін ұйымдастыру, рейтинг және сапа менеджменті жүйесінің жұмыстарын ұйымдастыру.

Басқарманың негізгі міндеттері
  • Стратегиялық даму бағдарламасын әзірлеу, жоспардың орындалуын қадағалау, стратегиялық жоспар бойынша есептерді талдау,  университет деңгейінде қорытынды есеп дайындау;
  • Сапаны басқару саласында озық тәжірибелерді үйрену, Халықаралық, ұлттық рейтингтерге қатысу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • Білім беру бағдарламаларын аккредитттеу және постмониторинг процестерін ұйымдастыру;
  • Сапа саласындағы саясатты және мақсаттарды әзірлеу және оны университет қызметкерлеріне жеткізу;
  • Университеттің сапа менеджменті жүйесінің СМЖ ISO 9001:2015 ХС талаптарына сәйкес жұмыс қалпында ұсталуын қамтамасыз ету;
  • СМЖ бойынша қолданыстағы құжаттамалардың жарамдылығын, жаңартылуын мерзімді түрде қадағалау;
  • СМЖ, рейтинг салаларында ішкі семинарлар өткізу;
  • СМЖ талаптарына сәйкес ішкі тексерулер (аудит) ұйымдастыру және нәтижелерін талдау.
СМЖ формалары
Аудит құжаттары
Құжатталған процедуралар
Жаңалықтар мен жетістіктер

Top