ҚҰРМЕТТІ, ТАЛАПКЕР!

Сіз санаулы уақыттан соң үлкен өмірге аяқ басасыз! 11 жыл білім алған алтын ұя мектеппен қоштасып, өміріңіздің жаңа кезеңі – жоғары оқу орнының студенті атанасыз. Бұл өте жауапты әрі маңызды қадам. Қазірден «қай оқу орнына түсемін», «қандай мамандық таңдаймын?» деген сауалдар әрқайсыңызды мазалап жүргені анық. 

Осы тұста  Дулати университеті өңіріміздегі іргелі білім ордасы әрі ғалымдардың ғылыми ортасы екенін айтқым келеді.  Мұнда өңірдің мәселелерін, оның ішінде жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдардың экономикалық-экологиялық проблемаларын тиімді шешуге мүмкіндік беретін ғылыми әлеует пен материалдық-техникалық база шоғырланған.

Университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстары 2 ғылыми-зерттеу институтында, 10 орталықта, инженерлік зертхана мен университет кафедраларында шоғырланған. ҒЗЖ ҚР ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылығы, экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы бағыттар бойынша жүргізіледі. Қазіргі уақытта 71 ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстары жүріп жатыр.

2023 жылы университет ғалымдары ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті қаржыландыратын жалпы сомасы (2023-2025 жылдар) – 319,8 млн теңгеге 6 гранттық жобаны жеңіп алды.

2024 жылдың қыркүйек айында университетімізде Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалы ашылмақ. Бұл да біздің студенттеріміз үшін  жақсы мүмкіндік.

Дулати университетінің студенттері, оқытушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде шетелдің жетекші оқу ордаларында оқып, тәжірибеден өтіп, білімдерін шыңдайды. Әрі шетелдік жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары біздің университетке келіп, дәріс оқып, сабақ береді.

Жас түлек, Сізді дұрыс таңдау жасайды деп сенемін. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті атанып, ғылым мен білімді, шығармашылық пен өнерді, белсенді өмір мен спортты ту еткен жастардың қатарына қосыл!

Мұхтар Қазбекұлы,
М.Х. Дулати атындағы Тараз
өңірлік университетінің Басқарма
төреғасы-ректор

Top