ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ ОРТАЛЫҒЫ

«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ» ОРТАЛЫҒЫ

УСЕНОВА САНДУГАШ МЕЙРАМБЕККЫЗЫ

УСЕНОВА САНДУГАШ МЕЙРАМБЕККЫЗЫ

Орталықтың аға үйлестірушісі

Психология магистрі, «ҚР ЖОО үздік оқытушысы - 2018» атағының иегері

Телефон: 8 (705) 998-80-16

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би көш. 60, 2.6-100/A


РАХЫМБАЙ ЕРЖАН ЖАНҒАЛИҰЛЫ

Қызметі: Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу орталығының (үйлестіруші) маманы

Байланыс телефоны: +7 700 245 99 14

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би көш. 60, 2.6-100/A

Қызмет бағыты

Орталықтың бас маманы –психология магистрі, «ҚР ЖОО үздік оқытушысы - 2018» атағының иегері Үсенова Сандуғаш Мейрамбекқызы

Маманы- Рахымбай Ержан Жанғалиұлы

ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ:

Мүмкіндігі шектелген студенттерді  сүйемелдей отырып, көмекші бағдарламамен қамтамасыз ету. Арнайы әдебиеттермен қамсыздандырып, ғимаратқа кіруге, оқу материалдарына, дәрістерге, тесттер мен емтихандарға студенттер үшін барынша оңтайлы түсінікті тұрпатта қолжетімділік орнату және ЖОО-дағы білім беру үдерісіне интеграциялау арқылы білім беруге қолжетімділік деңгейін жоғарылату бағытында жағдай жасау. 

Қазіргі таңда университетте «Инклюзивті білім берудің психологиялық-педагогикалық қолдауы» ережесі қолданысқа еніп, мүгедектігі бар студенттерді жалпы білім беретін ортада бірігу нысандары анықталып, ЖОО-да мүгедектігі бар студенттерді қолдау орталығы туралы ережесі әзірленді. Инклюзивті білім беру бойынша кітаптарға тапсырыс берілді. Мүгедектігі бар студенттерге және олардың ата-аналарына онлайн, офлайн түрінде қолдау көрсетілуде. Олардың сабаққа қатысуын, үлгерімін, әлеуметтік жағдайларын назарда ұстап келемін. Сонымен қатар министрліктен университеттегі инклюзивті білім беру жағдайы және мүгедектігі бар студенттер туралы келіп түскен сұрау хаттары бойынша мәліметтер тұрақты берілуде

Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Мүгедектігі бар балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүгедектігі бар балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.

Президенттің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жыл ғы 26 маусымдағы № 56-VII ҚРЗ қабылданған.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде инклюзивті білім беру 2016 жылдан бастап қоғамдық жұмыс ретінде қолға алынған. Университеттің құрылымына енгеніне қарамастан, орталықтың қызметін аға үйлестіруші ретінде қоғамдық негізде атқарғанмын. 2022 жылдан бастап М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әлеуметтік жұмыс басқармасына 2 штат бөлінді.

Университетте 2016-2017 оқу жылында мүгедектігі бар 20 студент және 2 магистрант білім алса, 2017-2018 оқу жылы 34 студент, 2018-2019 оқу жылында 43 студент, 2019-2020 оқу жылында 61 студент, 2020-2021 оқу жылында 70 студент, 2021-2022 оқу жылында 87 студент, 2022-2023 оқу жылында 101 студент, 2023-2024 оқу жылында 122 студент, 1 магистрант, 2024-2025 оқу жылында 148 студент, 2 Қаратау тау-кен технологиялық колледжі студенті, 2 магистрант білім алуда.

Сертификаттар мен дипломдар

Жетістіктер

Loading...

Top