РАЗНЫЕ –РАВНЫЕ

В настоящее время инклюзивное образование начинает набирать  обороты во всем мире. Совместное обучение в школах и вузах  обычных детей и обучающихся с особыми образовательными потребностями – открывает широкие перспективы для социализации учащихся с ОВЗ. Надо не забывать о том, что  именно инклюзивное образование способно привести к трансформации общественного мнения и всеобщему пониманию, что люди с особыми образовательными потребностями  могут и должны быть на равных вовлечены в социум — учиться, работать, строить карьеру, быть успешными и счастливыми.

Подробнее

БІЛІМ - БАРШАҒА

Қазіргі уақытта инклюзивті білім беру бүкіл әлемде қарқын ала бастады. Мектептер мен жоғары оқу орындарында қарапайым балалар мен ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды бірлесіп оқыту – мүмкіндігі шектеулі оқушыларды әлеуметтендіру үшін кең перспективалар ашады. Дәл осы инклюзивті білім беру қоғамдық пікірдің өзгеруіне  ықпал етеді және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар социумға — оқуға, жұмыс істеуге, мансап құруға, табысты және бақытты болуға теңдей тартылуы мүмкін.

 М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде мүмкіндігі шектеулі студенттерге үлкен көңіл бөлінеді. Инклюзивті білім беруде психологиялық бейімдеудің арнайы орталығы бар. Орталықтың аға үйлестірушісі Сандуғаш Үсенова мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды  білім беру процесіне интеграциялаудың бастамашысы бола отырып, студенттермен және ПОҚ-пен белсенді жұмыс істейді.

Подробнее

«IQ-STAN» АТТЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНЫ

2021 жылдың 27 қазан Мүмкіндігі шектеулі жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту мақсатында «IQ-stan» атты интеллектуалдық ойыны өтті.

Байқау «Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қолдауымен «Қазақстан жастарының фракциясы» қоғамдық қоры, М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті инклюзивті білім беру орталығы бастамасымен ұйымдастырылды. Интеллектуалдық ойынның сұрақтарын Тараз қаласы «Жас Отан» жастар қанаты волонтерлары дайындаған болатын. Ойын барысында студенттерге әртүрлі сұрақтар ұсынылды: 1 кезеңде - "Жеңілдетілген сұрақтар" қойылса, 2 кезең - "орташа сұрақтар», 3 кезеңде қатысушылар 3 факттен 1 жауап табулары керек болды. 4 кезең - "Фактілер мен цифралар" сайысы, 5 қорытынды кезеңде «Блиц» сұрақтар қойылып, қатысушыларды жылдам әрі дұрыс жауап беру дағдыларын сынады.

Подробнее

ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУҒА ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ОҚУШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

«Ерекше білім алуға қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау көрсетудің тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 21 қазан күні ерекше білім алуға қажеттілігі бар оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер үшін «Ерекше білім алуға қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау көрсетудің тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

Подробнее

«ӨЗГЕРІС» АКЦИЯСЫ

2021 жылдың 25 қазан күні жастардың тұлғалық дамуына бағытталған «Өзгеріс» акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында тұлғаны белгілі-бір іс-əрекет тəсіліне дайындық күйлерін реттейтін функциялары туралы түсіндіріліп, өмірден мысалдар келтірілді. Осындай функцияларды атқаратындар қатарында өмірлік ұстанымды, қызығушылықтар бағыттылығын, құндылықтық бағдарларды, əлеуметтік бағдарларды, субъективтік қатынастарды, жетекші түрткіні қарастыруға болады.

Подробнее

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАР ҮШІН ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРУ

2021 жылдың 18 қазан айында «Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында Қазақстан волонтерлар лигасының М.Х.Дулати атындағы Тараз университетіндегі филиалы, Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Қазақстан жастарының фракциясы» қоғамдық қоры бірлесе отырып "BRAIN RAID" интелектуалды ойынын өткізілді. Ойын барысында студенттерге Қазақстан және спорт тарихына байланысты сұрақтар қойылды. Ойынға 3 топ қатысып, 1-орынды "Қыран" тобы, 2-орынды "Жалын" тобы, ал 3-орынды "Лига" тобы иеленіп, арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды.

Подробнее

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ

Бүгін Талғат Ілиясұлы университетке қарасты «Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу» орталығының жұмысымен танысып, мүмкіндігі шектеулі студенттермен кездесті.

Қазіргі таңда 53 студент білім алып жатыр. Олар көмекші бағдарламамен, арнайы әдебиеттермен қамтамасыз етілген. ғимаратқа кіруге, оқу материалдарына, дәрістерге, тестілер мен емтихандарға студенттер үшін барынша оңтайлы түсінікті тұрпатта қолжетімділік орнату және ЖОО-дағы білім беру үдерісіне интеграциялау арқылы білім беруге қолжетімділік деңгейін жоғарылату бағытында жағдай жасалған.

Подробнее

ЖЕҢІМПАЗ БОЛҒАН ҚОС БАТЫРЫМЫЗДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Дулати университетінің студентттері армрестлингтен Азия чемпионатынан қос күміспен оралды.

65 кг. салмақта білек сынасқан «Дене тәрбиесі» мамандығының 3-курс студенті Хабиев Адам қос қолда да екінші орын иеленсе, осы мамандықтың 2-курс студенті Джидебаев Аят 70 кг. салмақ дәрежесінде күміс алқа иегері атанды.

Алматы облысының Жанашар қаласында өткен армрестлингтен Азия чемпионатына Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Иран, Түркіменстан және Моңғолиядан 600-ден астам спортшы қатысты.

Подробнее

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ СПОРТТЫҢ ДАМУЫ МЕН БОЛАШАҒЫ

30 қыркүйек 2021 ж.

Бүгін ректор Талғат Ешенқұлов Дулати университетінің жоғары спорттық нәтижелері бар студенттермен кездесті.

«Дулати университетіндегі спорттың дамуы мен болашағы» тақырыбында өткен іс-шара «Сұңқар» спорт клубының төрағасы Д.Джылысбаев 2021-2022 оқу жылына арналған жұасқосу барысында ректор мен спортшылар еркін форматта әңгіме айтып, түрлі идеялармен бөлісті.

Подробнее

МЕНІҢ АРМАНЫМ

Мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында «Менің арманым» атты суреттер байқауыны ұйымдастырылды.

Байқау «Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қолдауымен «Қазақстан жастарының фракциясы» қоғамдық қоры, М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті инклюзивті білім беру орталығы қолдауымен ұйымдастырылды.

Подробнее

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021  жылдың  7 қазан күні  ерекше білім алуға қажеттілігі бар оқушыларға сабақ  беретін  мұғалімдер  үшін  «Инклюзивті білім беру жағдайында оқу процесін ұйымдастыру жолдары»  тақырыбында облыстық  семинар өткізді. «Zооm» бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға 150 педагог,   аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектептің әлеуметтік педагогтері,  психологтары,  ерекше білім беруге  қажеттілігі бар оқушыларға  сабақ беретін мұғалімдер қатысты. Іс-шара барысында "Ән-Нур-Фат" халықаралық біліктілікті  арттыру  және кәсіби қайта даярлау академиясының ректоры Ф.Бизақова мен  М.Х.Дулати атындағы Тараз университетенің «Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу» орталығының аға үйлестірушісі, психология ғылымының магистрі С.Үсенова инклюзивті білім берудің теориясы мен технологиясы және ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасаудың әдістемесі  бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті. Электронды материалдар таратылып, ақпараттық-әдістемелік көмек берілді.

 
 
Подробнее
Top