Кәсіптік бағдар беру жұмыстары

3-4 мамыр күндері Жуалы, Талас, Жамбыл аудандарына қарасты елді мекендерде, ауылдарда орналасқан мектептерді аралау жұмыстары жүрді. Ондағы мақсат, мектеп бітірушілерге кәсіби бағдар шарасы аясында «Су ресурстары және суды пайдалану» бағдарламасы бойынша дайындалатын мамандықтарға үгіт-насихат жүргізу.
Негізі «Су ресурстары» кафедрасында бакалавр дәрежесі бойынша үш мамандық түрі бар. «Су ресурстарын басқару», «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар», «Елді мекендерді сумен жабдықтау және суды бұру» мандықтарына үміткер болу үшін, бітірушілердің физика-математика пәнін таңдап, ҰБТ-ден 50 баллдан жоғары көрсеткіші болуы шарт.

Егер, мектеп бітіруші ғылымға құштар, ғылыммен айналысам деген арманы болса, онда аталған мандықтар бойынша кафедрада магистратура, докторатура дәрежесі бойынша да білім бағдарламалары іске асырылуда. Кафедрада білікті де жоғары дәрежелі профессорлық-оқытушылар құрамы қызмет жасайды.

Осы, жоғарыда аталған мәліметтерді және жер бетіндегі тіршілікте судың маңыздылығы туралы көптеген мәліметтер айтылды. Сонымен қатар, «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандықтарына 50 министрліктен және 20 облыс әкімшілігінен гранттық орындар бөлінгендігі туралы ерекше аталып өтті. Ауыл балалары шаруашылыққа жақын, және өкіметтен беріліп жатқан гранттарға, келешекте жақсы маман боламын деген, гранттық орынға мұқтаж азаматтар келсе нұр үстіне нұр болар еді. Бұл гранттық орындардың иегерлері келешекте, жақсы мамандық иесі атанып, жұмыспен толық қамтылатыны белгілі. Сондықтан да, біздің кафедраның мамандықтарын таңдаған кез-келген үміткер, еліне қызмет ететін, Қазақстанның су ресурстарын басқаратын Азамат болуына тілектеспіз.

2

3

4

Жабағиева Құралай Рысқадырқызы

"Су ресурстары" кафедрасының аға оқытушысы

Top