СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӨНІНДЕГІ USAID ӨҢІРЛІК ЖОБАСЫ

2023 жылдың 20-22 қыркүйек аралығында Алматы қаласында, су ресурстары және қоршаған орта жөніндегі USAID өңірлік жобасымен «Су ресурстарын ұтымды пайдалану» оқу курсы бойынша тренинг ұйымдастырылды. Мақсаты: су, азық-түлік және экожүйе ресурстары саласында жұмыс істейтін университеттердің білім беру әлеуетін күшейту. Тренингке қатысушыларды су ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша оқу курсымен және дәрістермен таныстыру міндеттері негізделген. Болашақта оқу бағдарламасын немесе оқу материалдарын жергілікті жағдайларға бейімдей алатын, осы салада магистрлерді даярлау кезінде су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша жұмыс жасайтын жоғары оқу орындарының оқытушыларын даярлау.

Сондай-ақ тренинг шеңберінде Орталық Азиядағы мемлекеттік саясат және су ресурстарын басқару, су ресурстарының жай-күйі мен пайдаланылуына мониторинг жүргізу, суды үнемдеу мен сумен қамтамасыз етудің инновациялық әдістері сияқты мәселелер қамтылатын болады. Осы мәселелер бойынша көптеген халықаралық ұйымдардың (БҰҰ, ФАО) тәжірибесі ұсынылады. Бұл тренинг білім беру сипатына және өңір ЖОО-ларының дамыған елдердің университеттерінде жинақталған білімге қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған. Тренингке су шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, энергетика және қоршаған орта мәселелерін қамтитын Орталық Азияның барлық бес елінің оқытушылары шақырылды және USAID өңірлік су және қоршаған орта жобасының командасы қатысты.

2

3

 

Top