Кәсіптік бағдар беру жұмыстары

Ағымдағы жылдың 20-21 сәуірінде «Су ресурстары» кафедрасының атынан «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар», «Елді мекендерді сумен жабдықтау және суды бұру», «Су ресурстарын басқару» мамандықтарын мектеп бітірушілерге таныстыру мақсатында Қаратау қаласының мектептеріне жол тартық. Қаратау қаласында, жалпы әр түрлі деңгейдегі сегіз жалпы орта білім ордасы бар екен, олардың арасында, А. Байтұрсынов атындағы гимназия, Д. Қонаев, С. Сейфуллин, А. Пушкин, Ш. Уалиханов, М. Әуезов, атындағы орта мектептер, №1 орыс мектеп лицейі және лицей-мектеп бар. Оқушылардың арасында бейіндік пәні физика-математика таңдаған балаларға ерекше көңіл бөлініп, сұрақ-жауап алмасып, өте қызу пікірталас орнады.

Негізі, жоғарыда аталған мамандық туралы оқушылар жақсы біле бермейді. Балаларға, мамандықтың маңыздылығына тереңірек үңіліп, тіршілік көзі – су екенін түсіндіргенде, мамандық туралы ойлары өзгеріп қызығушылық таныта бастады. Елімізде су тапшылығы, жылда жауын-шашын мен қар суларынан, тасқыннан болатын әбігердің салдарын және сол проблеманы шешетін білікті маманның тапшылығын айтып кету біздің мақсат. Сол себептен де үкіметте отырғандар, «Су ресурстары және суды пайдалану» бағытында, тағы да атап кететін болсақ «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар», «Елді мекендерді сумен жабдықтау және суды бұру», «Су ресурстарын басқару» мамандықтарына министрліктен 50, облыстық әкімшіліктен 20 гранттық орын бөліп отыр.

2

3

4

Жабағиева Құралай Рысқадырқызы

"Су ресурстары" кафедрасының аға оқытушысы

Top