Қош келдің Әз Наурыз

Көктем мен жаңару мерекесі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай «Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының ұйымдастыруымен жастарға ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Кафедраның студенттері арасында қазақтың ұлттық ойындары «Асық ату», «Шекемтас», «Қол күрес» және «Арқан тарту» түрлері бойынша күш сынасты. Ұлттық ойындардың ережесіне сәйкес ойын қызу өтті. Ойын нәтижесінде келесі студенттер жеңімпаз атанды. «Қол күрес» ұлттық ойынында алдыңғы қатарға шыққан кафедраның 2 курс студенттері, «Шекемтас» ұлттық ойынында ерекше ойын көрсеткен 6В07311 – «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Болатбек Аружан, «Асық ату» ойынында мергендік танытқан 3 курс студенттері, «Арқан тарту» ойынында 6В07311 – «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері арнайы дипломмен марапатталды. Ойында белсенді студенттер 6В07312-«Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Ташметов Алмат, 6В07311 – «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Жұмабай Дархан, 6В07312-«Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Елеу Әділби, 6В07311 – «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Молдабеков Тараз алғыс хатпен марапатталды.

Іс шара барысында кафедраның оқытушылары бата беріп, шашу шашылды. Қазақтың ұлттық тағамы Наурыз көже тартылып, жиналған қауым дәм татты.

2

2

2

2

2

2

Кафедраның аға оқытушысы магистр Нұралы Ж.У.

Top