Асқақ арманды ақын

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жыл толуына орай «Асқақ арманды ақын» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел мақсаты қазақтың көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі және шығармашылығымен танысу, бүгінгі жас ұрпаққа үлгі – өнеге тұтып, болашақта ел-жұртының азаматы болып қалыптасуына ықпал ету.

ХІ ғасыр мен ХХ ғасыр тоғысында әдебиет әлемінде шығармаларының тақырыптық маңыздылығымен, көркемдік шешімдерімен, жанрлық ерекшеліктерімен дараланатын біртуар тұлғалармен мақтан етеміз. Қазақ халқының рухын аспандата келген оптимистік көзқарастағы ақын - жазушылар көші Сұлтанмахмұт Торайғыровтан басталады. С.Торайғыров - халқымыздың ой тілегін білдіріп, көзін надандықтан ашуды арман еткен. Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат - мақсатын, арман - аңсарын жырға қосады. Жырларындағы әр сөзі толық мағыналы тұнып жатқан ойға жетелейді.

Дөңгелек үстелге «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының директоры Шилібек Кенжеғали Қошқарбайұлы, кафедра  меңгерушісі Ахметов Ерғали Сейлбекұлы, кафедра ұжымы мен студенттері және Гидрокешенде орналасқан студенттер үйінің студенттері қатысты. Кафедра студенттері өз тарапынан ақынның өмірін, еңбектерін баяндап, Студент үйінің студенттеріне ақынның еңбектері атауы жасырылған ребустарды ұсынып, қызықты жалғасты. Дөңгелек үстелін институт директоры студенттерге жан - жақты дамыған жас маман болып қалыптасуына тілектерін білдіріп, ұйымдастырушы «Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының ұжымына алғысын айтып, аса көрнекті ақынның:

Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып, күн болам!

Қараңғылықтың көгіне,

Күн болмағанда, кім болам? деген өлең шумақтарымен қорытылдылады. Дөңгелек үстел ақынның еңбектеріне арналған Студент үйінің кешкі оқу залында көрмемен жалғасты. Кешкі оқу залының кітапханашысы Татыранова Жанар көрмеге шолу жасады. Студенттер әдеби іс - шарада өзіне қажетті мәліметтер алып, пікір таласта өз ойларын анық әрі мәнді жеткізді. Әдеби шығармашылығымен ерекшеленетін ақынымызға арналған іс шарамыз жоғары деңгейде өтті.

2

2

2

2

2

2

«Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының

аға оқытушысы Нұралы Ж.У.

Top