Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институтының Экология кафедрасы 8 Наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – мәңгілік шуақ төккен ғасырларға!» атты іс-шара жүргізді. Тарихи-мәдени мұраны жаңғырту, сақтау және насихаттау, өскелең ұрпақты өзінің ұлттық құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатында іс шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің қызметкерлерін шақырды. Музей қызметкерлері «Ежелгі құнды әшекейлер» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырып, ерте замандағы қыз-келіншектер қауымының әшекей бұйымдарын, йіс су сақтайтын құтыларын және басқа да тұрмыста қолданатын жәдігерлерін көрсетіп, олардың тарихымен таныстырды.
Мерекелік кешке «Экология» кафедрасының 1-4 курс студенттері толық қатысып, ару аналар мейрамымен құттықтап, би, ән мен күй, көріністер қойып, өз өнерлерін көрсетті.
Кафедра меңгерушісі А.К.Жумадилова мерекелік іс-шараға шақырылған қонақтарды алғыс хатпен марапаттады және үздік оқыған белсенді бітіруші курс студенттері Амантай А.Е., Әбдіраш А.Д. ректордың алғыс хатымен марапатталды.
«Экология» кафедрасының аға оқытушысы Г.Ә.Әлімхан