Экстремизм мен терроризм және оның зардаптары

2023 жылдың қараша айының 15 жұлдызында «Су ресурстары» кафедрасының 6В08615- «Су ресурстарын басқару» ББ 3 курс студенттеріне "Діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ" тақырыбында куратор сағаты өткізілді. Куратор сағатының мақсаты: Студенттерге экстремизм, терроризм туралы түсінік беру. Бүгінгі өмірмен байланыстыру.

Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс — әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды. Ал, «Радикализм» латынның «radix» «түбір, тамыр» деген сөзінен шыққан. Термин саясатқа қатысты пайда болған. Радикализм – қоғамда қалыптасқан әлеуметтік - саяси жүйемен келіспей, оны түбірімен қайта құруды ұсынушы саяси топтың көзқарасы. Сондай - ақ, діни радикализм тіркесі өзге де «діни фундаментализм», «діни фанатизм», «діни экстермизм» секілді лаңкестік әрекеттерге қатысты қолданыла бастады.

Терроризм қазіргі таңда әлем індеті. Теrrоr латын сөзі қорқыныш, үрей дегенді білдіреді.Терроризмнің мақсаты — мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау. Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін - дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс.

 

Терроризмнің ең қауіпті түрі – діни терроризм қаупі төніп тұр. Себебі, біздің мемлекетімізде дінге шек қойылмаған, яғни кез - келген адам өзі қай дінге сенгісі келсе соған сенуге құқылы. Қазіргі таңда бірнеше мемлекетте заңсыз діни ұйымдар белсенді әрекет етуде. Қазақстанда соңғы кезде түрлі діни ағымдардың саны өсіп келеді. Нақты айтатын болсақ, 90 - жылдары діни ағымдардың жалпы саны 10 болса, бүгінде олардың саны шамамен 160 - тан асады. Айта кететін болсақ, Ахмади ағымы, Исматуллашылар тобы, Уаххабилік - діни - саяси ағым, Иегова куәлары, Таблиғи жамағат Қоғамдағы қауіп - қатерлердің ең бастысы, халықаралық лаңкестік пен діни экстремизм екені баршаға мәлім. Осыған байланысты елімізде 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс - қимыл туралы» Заң қабылданып, бірқатар діни ағымдардың қызметіне шектеу қойылған. 7 - бап. Терроризмге қарсы іс - қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құзыреті. 20 - бап. Адамдардың террористік iс - әрекетке қатысқаны үшiн жауаптылығы көрсетілген.

Осындай тақырыпта көбірек кураторлық сағаттарды өткізу студенттердің бойында терроризммен экстремизмге қарсы ойларын тиянақтауға, оларға жол бермеуге жетелейді.

2

3

Top