Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

2023 жылдың 14 қараша күні "Су ресурстары" кафедрасының 6В08615-"Су ресмурстарын басқару" ББ 3 курс студенттері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілдерімен кездесуге қатысты. Кездесу "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру"тақырыбында өрбіді. Бұл кездесуге арнайы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының басшысы Байгебаев Қайрат Оразбекұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс служба Басшысы Дидарбеков Жанибек Бақытжанұлы, Аға маман Байзаков Ғазиз Кәрімжанұлы шақырылды. Кездесу басында студенттерге арнайы дайындалған видеоролик көрсетілді. Ары қарай сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт насихат, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, студенттермен сұрақ жауап алмасу арқылы жалғасын тапты. Студенттердің осындай тәлім тәрбиелік мәні көп кездесулер арқылы тура жолдан таймайтынына кәміл сенеміз.

Top