Қоғамдағы мейірімді, ізгі жандар да осы ерікті жастар сияқты жақсылық жасауда жарысып, асықса ол ізгі амалдары жауапсыз қалмас еді.
«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУ – ӘРБІР ЖАСТЫҢ МІНДЕТІ»
Қазіргі заманда жастар тәрбиесінде жүректі имандылыққа, махаббатқа, қайырымдылыққа, нұрландыруға, ізгі іс жасауға және жүректен жүрекке адам жанына әсер ету үрдісі кең ауқымда талқыланып келеді.
Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу керек емес. Ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер жаны жабырқау жүргендерді жұбата отырып күлкі сыйласа, екіншілері қиын сәтте қол ұшын беріп, көмек жасайды. Бүгінде сондай игі істер, түрлі акциялар қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандардың саны жылдан-жылға артып келеді.
2023 жылдың 17-ші сәуірде «Экология» кафедрасының В05212-«Өндірістік мекеменің экологиясы» БББ, 2-ші курс студенттерімен кураторлардың ұйымдастыруымен қайырымдылық өтті. 2-ші курс студенттері, соның ішінде қазақ тобы бойынша 13 студент және 1-студент орыс тобынан жақсы іс атқарып, Тараз қаласының түрғыны мүмкіндігі шектеулі мүгедек жанға арналған қайырымдылық көмек көрсетілді.