Үгіт-насихат жұмыстары

2023 жылы 19 сәуірде «Су ресурстары» кафедрасы оқытушыларымен Жамбыл облысы Сарысу ауданы мектептеріне үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Байқадам кентінің екі мектебіне бардық. Кафедра оқытушылары университет және кафедра туралы бейнеролик пен презентация жасады. Мектеп оқушыларына грантқа құжаттар тапсыру процедурасы қалай жүргізілетіні түсіндірілді, және де «Су ресурстары» кафедрасы мен университет буклеттері таратылды. Сонымен қатар, биылғы оқу жылында «Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасына 50 мақсатты және 20 облыс әкімі бөлінетіні айтып өтілді. Баяндама жасалған соң, мектеп түлектері грант пен құжат тапсыру туралы сұрақтар қойды.

Қазіргі уақытта елімізде су мамандарына деген жоғары қажетілік байқалады.

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 1,5 млн.га суармалы жер бар, оның басым бөлігі оңтүстік облыстарға келеді. 2020 жылы суармалы жерлерді суару үшін 12,3 млрд.м3 су жұмсалған, бұл жалпы тұтынылған судың 67 пайызын құрайды.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында 492 мың га суармалы жерлердің сумен қамтамсыздығын көтеру және қалпына келтіру үшін, жалпы құны 274 млрд теңге құрайтын 4 блокты біріктірген, бірқатар жобалар қолға алынбақ.

Осының арқасында 88 мың жұмыс орны құрылады. Сонымен қатар, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезеңіне 11 мың жұмыс орны ашылатын болады, бұл өз кезегінде келесі мамандықтағы су мамандарын тартуды қажет етеді:

  • Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар;
  • Елді мекендерді сумен қамту және суды бұру.

2

3

4

Top