«Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновке - 100 жыл!»

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов – Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1922 жылы 5-тамызда Сарыарқа даласында, Ақмола облысының Майбалық ауылында дүниеге келген.Өзінің әскери өмірінде жауынгерлік барлау, немістің шабуылдаушы ұшақтарына шабуыл жасау секілді жүздеген оқиғалар болады.Талғат Жақыпбекұлы өзінің алғашқы «Алтын жұлдыз» медалі мен Кеңес Одағының Батыры атағын 1944 жылы алды. Оның басшылығындағы ұшақтар Кировоград пен Знаменка қалаларын батылдықпен қорғады. Бір жыл өткен соң Бигелдинов сол атаққа екінші рет ие болды.Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов соғыста екі жыл ғана күрес жүргізсе де, бірақ осы уақыт ішінде 305 әскери шабуылға шығып, көптеген ұшақтарды құлатып, жүздеген командалық тапсырмаларды орындады.

Толығырақ

«25 қазан - Республика күні»

1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.Елбасы Н. Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында экономикалық өсу байқалып, ұлтаралық өзара татулық, азаматтық келісімнің сақталуына ерекше мән берілуде. Қазақстан халқы өзінің ұлтына, сеніміне, жақсы мен дүниетанымына білім деңгейіне қарамай, еліміздің гүлденуіне бағытталған әлеуметтік – экономикалық, саяси – қоғамдық өміріне белсене араласып келеді.Отан, Отан!!!Сен болмасаң нетер ем?Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем! Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі мереке кезінде қалай болса да шалқитындай реті бар. Ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәлсіздікке қол жеткізгелі бері еліміз талай – талай асқарлы асуларды бағындырды. Өтпелі кезең ауыртпалықтарын бастан өткізіп, оңай тимеген экономикалық, саяси реформалар жүзеге асырылды. Қазақстанды бүгінде әлем жұртшылығы нарықтық экономикалы – демократиялық ел ретінде таниды. Елімізде халықтар достығы жақсы сақталып келеді. Ол жетістікте сөз жоқ еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген үлкен еңбегі бар. Ел бірлігін сақтауда татулықтың үлкен байлық екендігін бүгінде Қазақстан халықтарының барлыңы айқын сезінеді. Біз туған мемілекетіміздің тәуелсіздгін баянды етуге, қуаттын артыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз. Қазір қазақстан – көп елдермен терезесі тең, елдік рәміздері анық, мәртебесі беделді мемлекет.

Толығырақ

Қайырымдылық – адамгершілік белгісі

Жас буынға көрсеткен қамқорлықтың қайырымы көп. Қолдауды сезініп өскен жеткіншектер ертең елге қайырлы азамат болады. Қасиетті Рамазан айында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су ресурстары» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы «Облыстық жасөспірімдер үйі» мекемесінің балаларына көмек көрсету мақсатында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. 31 000 теңге көлеміндегі қаржыға қажетті заттар әперіп, қолдау көрсетті.

Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу –  өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Аталған қайырымдылық іс-шарасын өткізудегі мақсатымыз – жас буынды қолдайтын алдыңғы толқынның барын сездірту болғанын айта кеткен жөн.

Толығырақ

Тозған топырақ қайта қалпына келе ме?

Қазақстан Республикасының жер көлемі 2015 жылдың 1 қарашасындағы жер балансының деректері бойынша 272,5 миллион гектар, пайдаланылатын жер қоры 261 173,8 мың гектарды құрайды. Ауыл шаруашылық алқаптары – 214,8 миллион гектар оның ішінде, егістік жерлері – 24,8 миллион гектар. Жалпы ел экономикасының аграрлы секторында қожалық етудің мемлекеттік емес нысандарына ауыл шаруашылыққа берілген жерлердің 100,9 миллион гектары немесе  98,4 пайызы бекітілген.

Осынша кең алқап жеріміз кейінгі жылдарда бей-берекет пайдаланудың әсерінен топырағы тоза бастады. Бүлінген жерлер — өзінің шаруашылықтық құндылығын жоғалтқан жер. Оның тозуына топырақтың тұздануы, құнарсыздануы, эрозияға ұшырауы және химиялық улану себеп болады. Салдарынан жайылым жерлер де ескіріп, жойылу алдында тұр. Шөлейттену де бірінші табиғи факторлардан болса, екінші жағынан адамдар да әсер етіп жатыр. Ормандарды отап, карьерлер қазып, топырақтың эрозиясын қолдан жасайды. Бұл өзекті проблема, сондықтан оны заманауи технологиялар қолдану арқылы шешудің жолдарын қарастыруымыз қажет. 

Толығырақ

ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ ОРАСАН

2021 жылғы 22 наурыздан биылғы наурызға дейінгі аралықта «Су ресурстары» кафедрасы біршама ауқымды және маңызды оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстар атқарды. Енді сол жұмыстарға жеке тоқталып өтелік.

«Су ресурстары» кафедрадасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінен, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) 2021-2024 жылдарға арналған перспективтік тақырыптық жоспарының негізінде («Методологические и инженерное обеспечение эффективности экспулатации русло-выправительных и берегозащитных сооружений на реках юга Казахстана»;  «Исследование транспортирующей способности потока воды в реках»; «Разработка и исследования новых конструкции сопрягающимх сооружений») үш тақырыпта жүргізіледі. Жалпы бұл жұмыс 2021-2022 оқу жылында басталды.

Толығырақ

ХАЛҚЫ ҰЛЫҚТАҒАН, ЕЛ-ЖҰРТЫ ҰМЫТПАҒАН

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институты 1-3 курс студенттеріне Тараз қаласындағы Д.Қонаев атындағы облыстық мұражай-кітапханасына саяхат-сабақ ұйымдастырды.

Топ кураторлары Г.Қожамқұлова, Г.Қойшыбаева, М.Байжігітованың бастамасымен халқымыздың арда ұлы Дінмұхаммед Қонаевтың 110 жылдығына орай кітапханада «Ізі өшпейтін ізгі адам» атты іс-шара өткен болатын.

Облыстық мұражай-кітапханасының директоры Гүлфайруз Іңкарбекова студенттерге Д.Қонаевтың өміржолынан мол мәлімет айтып, Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚазССР Ғылым академиясының Президенті, академик, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған тұлғаның халқы үшін еткен адал еңбегі туралы әңгіме қозғады.

Толығырақ

АЛҒЫС АЙТҚАН АҚЖАРМА КӨҢІЛ... АНАЛАР МЕРЕКЕСІНДЕ АҚ ТІЛЕККЕ ҰЛАСТЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы мен студенттері Алғыс айту күніне орай «Жүректен жүрекке» алғыс білдіру баннерін дайындаған болатын.

Бұл бастама студенттер арасында үлкен қызығушылық туғызды. Жастар ақжарма көңілмен өз жақындарына, достарына алғыстарын жетікізіп, жүрек пішіндегі ашықхаттарын жапсырды. Ізгі тілектерін жеткізу үрдісінен оқытушылар да тыс қалған жоқ.

Адам баласы шынайы ризашылық сезімін әртүрлі жеткізеді. Біреуі ықыласын іс-әрекетпен, екіншісі – заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым - қатынас түрінде де білдіретіндер бар. Әркім алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады.

Толығырақ

"БІЗДЕ СТУДЕНТ БОЛҒАНБЫЗ"

«Су ресурстары» кафедрасының 1-3 курс студенттері Институттың 60 жылдығына байланысты "Бізде студент болғанбыз" тақырыбында түлектермен бірге ашық кураторлық сағатын өткізді.

Бірінші сөз кезегін 3 курс топ кураторы Байжігітова Мадина Төреханқызы және «Су ресурстары» кафедрасының аға кураторы Кожамкулова Гулназ Ерлепесқызы «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының және «Су ресурстары» кафедрасының тарихымен таныстырып шықты. Кешімізді ары қарай 7М08612- «Елді мекендерін сумен қамтамасыз ету және суды бұру» білім бағдарласының 1  курс магистранты Халық Елнұрға, 7М07411-«Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар» білім бағдарласының 1  курс магистранты Джабаев Қуанышқа және 7М08615-«Су ресурстарын басқару» білім бағдарламасының 1 курс магистранты  Карабеков Тимурға берілді. Олар «Менде студент болғанмын» деп өз сөздерін бастап, алдағы отырған студенттерге өздерінің өмірі жайлы, студенттік кезіндегі қандай жетістіктерге жеткендігі туралы әңгіме қозғады. Студент кезіндегі бірнеше мақалалар жазып жүлделі орындарға ие болғанын, өздерінің тыңдай еңбек етуінің арқасында және «Су ресурстары» кафедрасының профессор-оқытушы құрамының берген білімдері және көмегі арқасында студенттер арасындағы ғылыми конференцияларға қатысып жүлделі орын алғандықтары, басқа да қалаларға барып студенттер арасындағы олимпиадаларға қатысып көптеген жүлделі орындарға ие болғандықтарын айтты. Сонымен қатар Дулати университетінің қабырғасында бірнеше студент жастарға арналған студенттік ұйымдар бар екендігін, оның ішінде студенттік белсенділер қатарына жазылғандарын және де «Энактус» жастар орталығына қатысқандарын, «Студент-зерттеуші» атағын жеңіп алғандықтары туралы айтып студенттерді қызықтыруға тырысты.

Толығырақ

«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ, ТЕРРОРИЗМ – БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ТӨНГЕН ҚАУІП» АТТЫ АШЫҚ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТЫ

2022 жылдың 17 ақпанында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру" институтының "Су ресурстары" кафедрасының аға кураторы Г.Е. Кожамкулова және 2 курс кураторы Г. Ж. Койшыбаева 6В08613- "Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және суды бұру", 6В08614- "Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар", 6В08615 – "Су ресурстарын басқару", 5В080500- "Су ресурстары және суды пайдалану" білім беру бағдарламаларының 1,2,3,4 курс студенттерімен және магистрантармен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.

ҰҚК қызметкерлері профилактикалық әңгіме барысында студенттер үшін өте өзекті тақырыптарды қозғады.

Толығырақ

УНИВЕРСИТЕТТЕГІ ЖҮРГІЗІЛГЕН ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ

16.02.2022ж. күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Гидрокешен» корпусында «1 наурыз - Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күніне» орай ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаментімен бірге «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасы институт студенттерінің қатысуымен сейсмикалық жаттығу жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті мен жоғары оқу орынының арасында жасалған меморандумға сәйкес өткізілді. Оқу-жаттығулар азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуде теориялық білім мен практикалық дағдыларды жетілдірудің ең тиімді құралы болып табылады.

Толығырақ

ҚР АШҒА академигі Б.М.Қойбақовты еске алуға арналған «Климат және су ресурстары: мелиорация және экология» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

1Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР АШҒА академигі Б.М.Қойбақовты еске алуға арналған «Климат және су ресурстары: мелиорация және экология» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы ҚАЗАҚ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ институтының ұйымдастыруымен 4 ақпан сағат 1000 өтті.

Мәжіліс төрағасы - Экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрі - С.С. Қожаниязов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - Н.М. Нұржігітов, ҚР ЭГТРМ су ресурстары комитетінің Төрағасы - Н.Ж. Алдамжаров, «Қазақстан Су шаруашылығы Қауымдастығы» ЗТБ басшысы - Н. Б. Атшабаров мырзаларға сөз берді.

Толығырақ

УНИВЕРСИТЕТ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚОРЫ МОЛ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті кітапханасының қоры күн санап көбейіп, жаңа, құнды еңбектермен толығып жатыр. Бір айта кететіні, онда том-том ғылыми, тарихи, әдеби еңбектермен қатар, электронды оқулықтар да бар. 19 қаңтар – «Ақпарат күніне» және «Кафедра күніне» орай «Су ресурстары»  кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы кітапханалық-ақпараттық орталығына барып жаңа түскен кітаптармен, электронды оқулықтармен танысып қайтты.

Толығырақ

ӨРКЕНИЕТТІ ҚОҒАМ ЗАҢ МЕН ТӘРТІПКЕ ЖҮГІНЕДІ

Кез келген жағдаяттың екіжақты салдары болады. Жеке адамның талап-тілегі – қоғам мүддесі, ал қоғамдағы ахуал тікелей әрбір азаматқа әсер етпей қоймайды. Сондықтан қай кезде де туындаған проблемалардың салдарынан бұрын себебін іздеген тиімді. Бұл ондай түйткілдердің қайталануына жол бермейді.

Қаңтар оқиғасынан алған сабақ осы болды, десек артық айтпаймыз. Қандай күрделі мәселені де сабырға салып, ақылмен жеңу керектігін көпшілік айқын ұғынды. Өйткені, жұрттың пиғылы түзу болғанымен, қалыптасқан ахуалды өз пайдасына жаратуға тырысатын «сыртқы» күштер бар және олар кез келген сәтте сан соқтырып кетуі мүмкін.

Толығырақ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАР БАЙҚАУЫ

2021 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Жастар сарайында" "Сәулет және құрылыс өндірісі" кафедрасының жанындағы "Сәулетші" студенттік ғылыми үйірмесінің (жетекшісі Ноғайбекова М.Т.) ұйымдастыруымен шығармашылық жұмыстар байқауы өтті. Байқауға жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары, колледж және университет студенттері қатысты. "Сәулет және құрылыс өндірісі" кафедрасының профессорлық-оқыушы құрамы Сейкасымова С.А., Асылбеков А.Ш., Бапанова Ж.Ж. өздерінің шығармашылық жұмыстарымен көрмеге белсенді қатысты. Байқау жеңімпаздары алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Толығырақ

НАШАСЫЗ ӨМІР ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ.

Қазақстанда жиырма төрт мыңға жуық адам есірткіге тәуелді. Арнайы орталықта тіркеуде тұр. Бұл ресми дерек. Ал бейресми дерек көрсеткіші одан да жоғары. Қоғамдық ұйымдардың есебінше жүз жиырма мыңнан асып кеткен. Статистикалық мәліметтер бойынша соңғы бес жылда есірткіге тәуелділер саны 35 пайызға төмендеген. Бірақ он тоғыз мың қылмыс соңғы бес жылда осы есірткімен байланысты болған екен.

Ақпараттық технологиялардың дамыған заманында есірткі заттарын дайындау, тарату, саудалау, насихаттаудың жолдары барынша кеңейіп жатыр. Бірақ биыл жыл басында есірткілерді насихаттайтын сайттарды жабу туралы заң шыққан.

Толығырақ

«ҚАЗАҚСТАН – АГРАРЛЫ МЕМЛЕКЕТ»

Алтай мен Атыраудың арасындағы ұланғайыр алқап, Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алатаудың арасына созылған қазақ даласы дүние жүзі картасында жер көлемі жөнінен тоғызыншы орынды иеленеді. Біздің ата-бабаларымыз бағзы заманнан мал шаруашылығымен айналысып келеді. Осынау кең жерімізде егін шаруашылығы да жақсы дамыған. Сондықтан ауыл шаруашылығы біздің халық үшін жат нәрсе емес. Біздің ел тек өзінің ішкі нарығын ғана қамтамасыз етіп қана қоймай шет елдерге экспортқа да жібереді. Мысалға алсақ, 2019 жылы біздің елден 12,5 миллион долларға қой еті экспортталса, 2020 жылы 5,6 миллион долларға, сиыр еті 2019 жылы 23,3 млн долларға, 2020 жылы 31,4 млн долларға ет экспортталды. Ал бидай өндірісі 2019 жылы 3271,8 мың тонна болса, 2020 жылы 3555,3 мың тоннаға дейін жетті. Қазақстан – аграрлы мемлекет деп айтуымызға толық негіз бар. Осыған орай, 2021 жылдың қараша айының 27 жұлдызында «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының «Мелиорация және агрономия» кафедрасының «Агромелиорация» үйірмесінің жетекшісі оқытушы Қоңыр Сандуғаш Бауыржанқызының ұйымдастыруымен осы салаға қызығушылық танытқан колледж және  мектептердің бітіруші түлектеріне арналған «Қазақстан – аграрлы мемлекет» атты семинары өтті. Семинарда аграрлы сектордың әртүрлі бағыттары қарастырылды. Атап өтетін болсақ, Қазақстан республикасының аграрлық саласының даму мәселелері бойынша, аграрлық сала жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары жайында, еліміздегі өсірілетін жылқы түрлері мен оның өнімдерін экспорттау жөнінде, астық тұқымдас дақылдардың республикамызда өсірілуі мен еліміздің нарығын қамтамасыз етуі мен сыртқы нарыққа шығарылуы жайында тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдалды. Семинарға №49 мектеп-гимназиядан, №1 гимназиядан, №28 орта мектептен оқушылар қатысты. Семинар нәтижесі бойынша №49 мектеп-гимназияның оқушысы Амантөре Аяулым Аділханқызы «І дәрежелі», №28 орта мектептің оқушысы Бердіғали Ұлдана Асылханқызы «ІІ дәрежелі», №1 гимназияның оқушысы Попова София Витальевна «ІІІ дәрежелі» дипломдармен, орын алмаған оқушылар «қатысқаны үшін» дипломдармен, ғылыми жетекшілері «жетекшілік еткені үшін» деген дипломдармен және қосымша сыйлықтармен марапатталды.

Толығырақ

«МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ!»

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының «Су ресурстары» кафедрасының аға кураторы Кожамкулова Гульназ Ерлепесқызының ұйымдастыруымен «Мамандығым-мақтанышым!» атты іс шара өтті.

Білім алушыларды өз мамандық майталмандарымен кездестіре отырып, пікір алысуға, «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығына жүйелі көзқарас қалыптастыруға, мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.

Толығырақ

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ-УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Жоғары білім беру жүйесінде жұмыс істейтін оқытушылардың біліктілігін арттыру бүгінгі күні университеттердің кадр саясатының міндетті компоненті ретінде қарастырылуда.

ЖОО ПОҚ-ның кәсіби шеберлік деңгейін арттыру оқу-әдістемелік міндеттерді шешуге, білім беру процесі сапасының жаңа көрсеткіштеріне қол жеткізуге ғана емес, сондай-ақ ПОҚ-ның кадрлық өсуіне ықпал етеді.

Бүгінгі таңда университеттің әр оқытушысының үнемі кәсіби өсу қажеттілігі біліктілік талабы ретінде қабылданады.

Толығырақ
Top