УНИВЕРСИТЕТ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚОРЫ МОЛ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті кітапханасының қоры күн санап көбейіп, жаңа, құнды еңбектермен толығып жатыр. Бір айта кететіні, онда том-том ғылыми, тарихи, әдеби еңбектермен қатар, электронды оқулықтар да бар. 19 қаңтар – «Ақпарат күніне» және «Кафедра күніне» орай «Су ресурстары»  кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы кітапханалық-ақпараттық орталығына барып жаңа түскен кітаптармен, электронды оқулықтармен танысып қайтты.

Қазіргі ақпараттық ресурстар қолжетімді екені түсінікті. Алайда интернет арқылы таралатын, қол жеткізіп отырған көптеген мәліметтер екшелмеген әрі дерегі мен дәйектері қате болуы да мүмкін. Оның үстіне бірінен көшіріп, біріне жариялап отырған ақпараттардың беру формасы да көңілге қонымды емес. Сондықтан, білім-ғылымға ден қойған аудитория үшін кітапхана – мол деректердің қоры болып қала берері анық. Яғни кітап XXI ғасырда да қажет. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетеледі. Әр адам кітаптың беттің ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды үйренеді.

Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық. Қазіргі заманың техниканың дамуына байланысты «кітапханалардың болашағы жоқ» деген сөздің қисыны жоқ.

2

3

4

5

С. Жолдасов, «Су ресурстары» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент,

М. Байжігітова, «Су ресурстары» кафедрасының аға оқытушысы.

Top