«МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ!»

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының «Су ресурстары» кафедрасының аға кураторы Кожамкулова Гульназ Ерлепесқызының ұйымдастыруымен «Мамандығым-мақтанышым!» атты іс шара өтті.

Білім алушыларды өз мамандық майталмандарымен кездестіре отырып, пікір алысуға, «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығына жүйелі көзқарас қалыптастыруға, мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.

2

Іс-шараның тағы бір мақсаты - жаңа оқу жылында қабылданған 1-курс студенттерін мамандықтың қыр-сырын ашып көрсету.

Кафедраның дәстүрлі іс-шарасына «Су ресурстары» кафедрасының проффесорлары Әбдіраманов Ә.Ә., Сенников М.Н., Қойбақов С.М. қатысып, «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығының маңызы туралы таныстырды.
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Еңбастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат. Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен айналысқан жөн.
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 – ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін Су ресурстары және суды пайдалану мамандығын таңдадық деп студенттеріміз мамандыққа қатысты өздернің баяндамаларын жасады.

Іс-шара соңында «Су ресурстары» кафедрасының профессоры Ә.Ә.Әбдіраманов студенттерге оқуда сәттілік тілеп, сонымен қатар, университетіміздің абыройын асқақтатар жас маман ретінде жоғары білім алуларына тілектес екенін айтып, арнайы тақырыпқа байланысты баяндама жасаған студенттерге «Дипломмен» марапаттады және авторлық кітаптарын сыйға ұсынды.

3

4

«Су ресурстары» кафедрасының аға кураторы
Кожамкулова Гульназ Ерлепесқызы

Top