ӨМІРІН ҒЫЛЫМҒА АРНАҒАН ҒАЛЫМНЫҢ БІР КҮНІ

2020-2021 оқу жылында «Су ресурстары» кафедрасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Су ресурстары» кафедрасының профессоры, т.ғ.докторы А.А.Абдурамановтың еңбек жолындағы жетістіктері туралы қазіргі болашақ жастарға «Өмірін ғылымға арнаған ғалымның бір күні» атты кездесу ұйымдастырылды.

Толығырақ

2021 ЖЫЛЫ 2 НАУРЫЗ ЖҰЛДЫЗЫНДА «СУ РЕСУРСТАРЫ» КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА КУРАТОРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «1- НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ» ОРАЙ «АЛҒЫС АЙТУ – ПАРЫЗЫМ!» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТЫН ӨТКІЗІЛДІ

Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі. Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай – ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Ризашылық ұғымымен тағы қандай ұғымдар байланысты? Адамдар арасындағы ынтымақты қарым – қатынастың орнауы әр адамның өзіне және қоршаған ортасына тікелей байланысты.

Толығырақ

ТҮЛЕКТЕРГЕ КӨМЕК

«Жас маман-2021» бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Толығырақ

ОНЛАЙН ФОРМАТТА «ЖАС МАМАН-2021» БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Жоғары оқу орнын бітіруші әрбір түлектің алдында – жақсы, беделді жұмыс табу бүгінде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Жұмыс іздеп, кәсіп­орын­дар мен мекемелерге бару көп уақытты талап етеді және де жас мамандарды бос орындарға жұмысқа орналастыратын ұйымдар мен мекемелердің басшыларының қабыл­дауында болудың өзі өте қиын мәселе.  Сол себептен, бітіруші түлектердің жұ­мысқа орналасу мәселелерін жеңілдету мақ­сатын­да наурыз айының 3-і күні «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институтының ұйымдастырумен, онлайн форматта «Жас маман-2021» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің басты мақсаты-«Болашақ мамандарға өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмектесу, мемлекеттік қызмет саласындағы жұмыс берушілердің жас, талантты және бәсекеге сай кәсіби мамандарды жұмысқа шақыруына мүмкіндік беру.

Толығырақ

1 - НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ! «СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС» ИНСТИТУТЫ «МЕЛИОРАЦИЯ ЖӘНЕ АГРОНОМИЯ» КАФЕДРАСЫ "ЖҮРЕГІМ ТОЛҒАН МЕЙІРІМ" АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС - ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ!

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық Қазақстан халқына деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

Шараның мақсаты-адамдарға қамқорлық жасау, мейірімділік, адамның жанашырлық сезімдерін ояту, көмекке келуге деген құлшынысын, қарт адамдарға деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.

Толығырақ

Ǵylym jáne óndiris

Дулати  Университетінің  жас ғалымы, докторант Дәулет Егембердиев өзі ойлап тапқан жаңалықты әлемдік деңгейде танытуды көздейді.

Жас ғалым топырағы тозған егісті калқаптары мен соры  шыққанжерлерді (тұзды)  қалпына келтіретін тыңайтқыш ойлап тапқан болатын. Ауылшаруашығы өнімін арттыруға да септігін тигізеді. Дәулет Егембердиевтің  бұл  жобасы NURINTECH инновациялық жобалар жарысынан, өзге де ғылыми  байқаулардан үздік деп танылып, финелінде бірінші  орынды жеңіп алған еді, – деп  хабарлайды осы жоғары оқу орнының медиа қызметі.

Толығырақ

ТАРЫХТЫ БІЛІҢІЗ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты  «Ежелгі Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері  Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институты «Экология» кафедрасының  ұйымдастыруымен 1курс студенттеріне «Тараз-тарихымыздың алтын діңгегі» тақырыбында дәріс оқыды.

Толығырақ

Экология ғылымындағы алтын діңгектердің бірі

Исан Сапиұлының мына ғажайып өмірде қол жеткізген жемістерінің бәрі ең алдымен еңбек, ең бастысы, шаршамай ізденістің, қалтқысыз қызметінің арқасы десек артық айт­қандық болмас. Жастайынан ауыр еңбектің дәмін татқан Исан ағамыздың өмірде, ғылымда жолы болмауы мүмкін емес еді. Алаңсыз ізденіс оны неше алуан биіктерге көтерді. Ең ғажабы ол табиғаттың тазалығын қорғаушысына айналды. Оның еңбектерімен таныса отырып жердің киесін, таза ауаның қадір-қасиетін, құнарын, жер байлығының  сыр-сипатын Исан ағамыздай білетін жандар сирек шығар деп түйдім. Ол тек табиғаттың қорғаушысы ғана емес, сонымен қатар тілдің қорғаушысы.

Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН. БІЛІМ ЖӘНЕ ЖАСТАР

16 желтоқсанда Мемлекеттік Тәуелсіздік туралы конституциялық заң қабылданды, сол күннен бастап, Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің аттас кітабында айтып өйткендей Қазақстан тарихындағы жаңа кезең - «Тәуелсіздік дәуірі» басталған болатын.

Толығырақ

ЕҢСЕСІ БИІК-ЕЛБАСЫ!

1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнінің қарсаңында «Биология» және «Жалпы биология» кафедрасының білімгерлері мен оқытушыларының ұйымдастыруымен «Еңсесі биік-Елбасы!» тақырыбында онлайн кураторлық семинар сабағы өтті.

Толығырақ

ӨШПЕС ЕРЛІК

Су шаруашылығы, экология және құрылыс институтында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының ұйымдастыруымен желтоқсан айында Б.Момышұлының 110 жылдығына орай «Өшпес ерлік!» тақырыбында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Даңқ залында» онлайн сұхбат өтті.

Толығырақ

ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІСТІ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ

Ғылымды қаржыландыруды ішкі жалпы өнімнің үш пайызынан кем емес деңгейге дейін арттыру керек.

Толығырақ

Факультеттің ресми электронды поштасының адресі

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби кеш!

2020 жылдың 5-ақпанында №2 студенттер жатақханасында "Су шаруашылығы экология және құрылыс" факультеті «Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби кеш» өткізді. Салтанатты шара Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына арналған» тапсырмасын қолдау мақсатында өткізілді.

Толығырақ
Top