ЕҢСЕСІ БИІК-ЕЛБАСЫ!

1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнінің қарсаңында «Биология» және «Жалпы биология» кафедрасының білімгерлері мен оқытушыларының ұйымдастыруымен «Еңсесі биік-Елбасы!» тақырыбында онлайн кураторлық семинар сабағы өтті.

Іс-шараның мақсаты қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері және еңбектері туралы мағлұмат бере отырып, шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу болып табылады. Сонымен қатар жастарға елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу басты міндет екендігін атап айтты.

Жиында Елбасымыз жайлы көп біле бермейтін қызықты деректер де айтылды.Н.Назарбав атындағы оқу орындары туралы және «Тәуелсіздіктің жеті қыры» атты видеофильмдер көрсетіліп кештің өту барысын жандандыра түсті.

Семинар сабағында елбасының қызмет жолы туралы жазған ғылыми еңбектері, кітаптар топтамасы және ғылыми мақалаларымен таныстырып, мағлұматтар берілді. Соның бірі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласына кеңнен тоқталды.Топ білімгерлері Тұрсынова Шолпан, Рәтбай Жансая, Алтыбаева Дина, Ержанова Аяжан«Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын екі бөлімін презентация арқылы баяндады.

Білімгерлер Елбасы мақаласындағы ұлттық болмысымызды сақтай отырып, тарихымызды жаңғырту керектігі жайында кеңінен тоқталды

Семинар сабағында топ білімгерлері Аяжан Ержанова «Тәуелсіздік таңы» және Дина Алтыбаева «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыпта өлеңдер оқыды.

Семинар соңында оқытушылар және білімгерлер бүгінгі іс шараны қорытындылай отырып, «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!»

Қуандықова Г.Т., Үкібаева Л.О.

«Биология» магистрлері, аға оқытушылар

 

Top