Дәріс барысында екі мың жылдан астам тарихы бар, өткені мен бүгіннің арасын жалғастырушы киелі де қасиетті мекен, мәңгіліктің қаласы, үлкен руханият орталығы, әлемдік өркениеттен ойып орын алатын Ежелгі Тараз қалашығының тарихы және қорық-музейге қарасты 30 тарихи-мәдени нысандардың тарихы мен аңыздары баяндалды. Сонымен қатар, «Жамбыл - менің жәй атым, Халық - менің шын атым»-деп жырлаған Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына байланысты ақынның өмірі мен ақын құрметіне салынған ескерткіштің тарихы айтылды.