ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІСТІ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ

Ғылымды қаржыландыруды ішкі жалпы өнімнің үш пайызынан кем емес деңгейге дейін арттыру керек.

 Бұл Елбасы Жолдауында айтылған басым бағыттардың бірі. Расында соңғы уақытта өндіріс саласында бәсекеге қабілеттілік төмендеп, бірқатар өзекті мәселелер бой көтере бастады. Ал себеп ғылым мен өндірсті ұштастыра алмаудан. Яғни, қай салада болмасын технологияны жаңғырту қажеттілігі туындайтыны белгілі.

Соның ішінде атап айтар атқарылған жұмыстар жетерлік. Елбасының еліміздегі су шаруашылығы жолында істеген ерен еңбегі еш уақытта ұмытылмайды.

Соңғы жылдары су шаруашылығы үшін мамандардың жетіспеушілігі байқалады, ал «ҚР Су шаруашылығын дамыту және жаңғырту бағдарламасын 2025 жылға дейін іске асыруға байланысты» осы бейіндегі мамандарға деген қажеттілік тек қана артады.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институтының «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар» докторантура білім беру бағдарламасының кәсіби қызметінің негізгі мазмұны ҚР Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау, су шаруашылығы және гидроэнергетикалық жүйелерді жобалау, салу және пайдалану болып табылады. Оқу орнында тәжірибелік қондырғылармен, зертханалық және ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін бақылау-өлшеу апаратураларымен жабдықталған бірнеше мамандандырылған зертхана бекітілген. Сондай-ақ, гидротехникалық құрылымдар мен энергетикалық қондырғылардың жаңа құрылымдарын әзірлеу, сондай-ақ ағынды суларды тазарту технологиясы бойынша үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Университет кітапханаларында кітап қоры жеткілікті. Ғылыми жұмыстарды орындауға зертханалық барлық жағдай жасалған.

Президентіміз Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев алғашқы Елбасымыздың бастамасын қолдау мақсатында ғылыммен айналысуға мол мүмкіндік беруде.

Ғылым мен өндірісті интеграциялау мақсатында институтта «ҚазСШҒЗИ» ЖШС-мен және «Қазсушар» РМК және «Шу-Талас су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау бойынша бассейндік инспекция» МК тығыз байланыс орнатқан. Докторанттардың зерттеу және тәжірибе жұмыстарын жүргізу үшін «Гидротехникалық құрылымдардың техникалық және гидрологиялық қауіпсіздігі» зертханалары заманауи жабдықтармен толықтырылып, зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ-нің ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптық жоспарына сәйкес, т.ғ.д., профессор М.Н.Сенников, т.ғ.д., профессор Ә.Әбдіраманов, т.ғ.д., профессор С.М.Қойбақов, т.ғ.к., доцент С.Қ.Жолдасовтың жетекшілігімен АҚШ-тың су шаруашылығы иституттарымен екі жақты тәжірибе алмасу, трансшекаралық өзендерді біріге басқару бойынша бірлескен Мембюджеттік ғылыми жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда заманауи экономика бұрынғыға қарағанда технологияла­нып, инновациялану үстінде. Ал мұнда ғылым­ның алатын үлесі зор. Осы тұрғыда жоғары білікті, кәсіби жағынан жетілген маманның алатын орны айрықша. Ғылымды қар­­жы­­ландыру жыл өткен сайын артып келеді. Ал­дағы уақытта да бұл ұстанымнан ай­ны­май, ғылымның қарқынды дамуы үшін барлық жағдай жасалады деген сенімдеміз. Әрине, ғылым мен білім саласында қандай да бір жетістіктеріміз болса, ол Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясатының арқасы деп айтсақ артық болмас.

                      М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК  УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

       8D07401-«ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ  ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ  ҚҰРЫЛЫМДАР»

                    ДОКТОРАНТЫ САҒЫНТАЙ ТӘТТІБАЕВ


Top