Ǵylym jáne óndiris

Дулати  Университетінің  жас ғалымы, докторант Дәулет Егембердиев өзі ойлап тапқан жаңалықты әлемдік деңгейде танытуды көздейді.

Жас ғалым топырағы тозған егісті калқаптары мен соры  шыққанжерлерді (тұзды)  қалпына келтіретін тыңайтқыш ойлап тапқан болатын. Ауылшаруашығы өнімін арттыруға да септігін тигізеді. Дәулет Егембердиевтің  бұл  жобасы NURINTECH инновациялық жобалар жарысынан, өзге де ғылыми  байқаулардан үздік деп танылып, финелінде бірінші  орынды жеңіп алған еді, – деп  хабарлайды осы жоғары оқу орнының медиа қызметі.

–Бүгінгі таңда ауылшаруашылығында қолданылатын  түрлі  тыңайтқыштар мен химиялык  өсiмдiк қорғау  препараттары мейлі ол  минералды селитра, аммофос болсын дұрыс пайдаланбау  экосистемаға кері әсер етеді, жер асты суының минерализациялануына  өнімнің  сапасына, ең  бастысы  адам  денсаулығына зиян тигізеді. Ал  Biomeliorant  Гумат Z 7 жане Z Lux   табиғи таза болғандықтан, қоршаған  ортаға, адам  денсаулығына тек пайдасын  тигiзедi. Жарамсыз  жерді  құнарландырады. Бұл ауылшаруашылығы  үшін  өте  маңызды, – дейді   ғалым. Аталмыш  тыңайтқышты  сұйық  және  құрғақ  күйінде  қолдануға  болады.

Ауылшаруашылығына тың  серпіліс  әкелетін  бұл  жаңалықты Талас және Сарыағаш аудандарында тұзды жерлерде сынап көрген және Ресей шаруаларымен кең көлемде қолданылды. Нәтижесі  мамандарды  таңқалдырып  отыр. Өніммен  қоса  жердің құнарлығы да артқан.   Ғалымның ойлап  тапқан  тыңайтқышы осы күнгедейін Польша мен Ресейге жөнелтіліп, оң бағасын  алды. Өнімдi көптеп шығарып, ауылшаруашылығына  тегістей  енгізу  үшін  ғалым бизнес әлеміне аяқ басты. 

– Негізгі бағытым, әрине – ғылым мен технология. Ал бизнеске осы жобамды коммерциализациялау үшін барып отырмын.

Осы тұста ғылымда қанатымды кеңге жаюға көмектескен ұстаздарымның еңбегін айтқым келеді. Су шаруашылыгы, экология жане курылыс институтынын директоры техника гылымдарынын докторы Ардакты демеуши Бейсенбин  Құдайберген Рахымжанұлы. Жетiмдi жебегендей далалык жумыстын басын бастаган тажiрибесi мол сози нык, мiнезi тарбие мен бiлiмнiн булагы профессор Адеубай Садақбайұлы  Сейтказиевке , Жұмахан Сулейменович Мұстафаев, Кунi мен тунiн болген Жетекшiм Ниетбай Хожанов Нуржанович, Практик Новатор Хамбар Исрайылұлы, Ардайым Корыкпа деп жiгер беретiн Естаев Куат Абеновичке, Бiлiмi менен алдекайда коп Жангазы Молдамуратов және ғылымда жол нұсқаған басқа ұстаздарыма айтар алғысым шексіз,- деген Дәулет Егембердиев алдағы уақытта басқа да ғылыми жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр.

WhatsApp Image 2021 02 18 at 11.19.45

Top