Сұхбаттың басты қонағы Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, журналист, Б.Момышұлыны ңнемере інісі – Беккет Момынқұл және жас Бауыржантанушы – Қуантай Сәт қатысты. Онлайн-сұхбат Zoom платформасы және инстаграм парақшасында тікелей эфирде өтті.
Сұхбат барысында Бекет Момынқұлға, Бауыржан Момышұлы атамызға қатысты небір қызықты сұрақтар қойылды. Бүгінгі өткізілген іс-шарада айта кететін жайт, @baurzhan_momyshuly парақшасының жетекшісі Қуантай Сәт халық архивінен (мұрағатынан) табылып жинаған Бауыржан Момышұлы атамыздың көп жерлерде жариялана бермеген суреттері және атамыздың 1981 жылы түсірілген тарихи бейнежазбасы көрсетіліп, Бауыржан Момышұлы атамыздың немере інісі Бекет Момынқұлдың қолына тапсырылды. Сұхбат барысында Бауыржан Момышұлы атамызға ресми түрде «Халық қаһарманы» атағы берілмегені туралы да сөз қозғалды. Бауыржан Момышұлы атамыз тек Ұлы Отан соғысының батыры ғана емес, қазақ әдебитінің де батыры. Аты аңызға айналған батыр Бауыржан атамыздың есімі халықтың жүрегінде мәңгі жасай беретіні анық.
"Өмір тіршілік қауіпсіздігі" кафедрасы