Іс-шараға Жамбыл облысының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің басшылары мен өкілдері, бітіруші курс студенттері шақырылды.
Олардың қатарында "Қазсушар" РМК ЖФ директорының орынбасары Г. Г. Зарубаева, "ҚазСШҒЗИ" ЖШС бас ғылыми хатшысы И. Р. Құдайбергенова, сондай-ақ "Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы" су ресурстарын реттеу бөлімі басшысының м. а. Ақылбек Б. қатысты.
Өз сөздерінде олар бүгінгі күні бар бос жұмыс орындары мен жұмысқа орналасу мәселелері бойынша қажетті ақпаратты ұсынды.
Салтанатты бөлімді "Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру" институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, "Су ресурстары" кафедрасының аға оқытушысы Н.Ж. Жоламанов ашты. Бұдан әрі сөз "Қазсушар" РМК ЖФ директорының орынбасары Г. Г. Зарубаеваға берілді, ол барлық қатысушыларды құттықтап, су ұйымының қызмет саласымен қысқаша таныстырды, сондай-ақ бүгінгі таңда кәсіпорында бірқатар бос орындар бар екенін айта кетті.
Іс-шара соңында Н.Ж. Жоламанов жұмыс берушілерге уақыт бөлгені үшін, сондай-ақ тұрақты және жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.
"Су ресурстары" кафедрасының
аға оқытушыары Джабагиева К.Р., Жоламанов Н.Ж.