Жаңа жолдау рухани серпін берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында ел экономикасын дамытудың жаңа жолдарын айқындап берді.
Ел Президентінің сындарлы саясатының арқасында еліміздің экономикалық дамуы қарыштай түсетіні айдан анық.
Қоғамның дамуында мәдениет пен руханият ерекше орын алады. Осы кезге дейін де мемлекет тарапынан мәдениетке, руханияттың дамуына көп көңіл бөлініп келді. Алдағы уақытта да бұл саланың тасы өрге домалай беретіні анық.
Жалпы, еліміздің экономикасы нығайған сайын мәдениет саласына бөлінетін қаражат көлемі де көбейіп келеді. Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы соңғы жылдары біршама жоғарылады. Бұрынғы мүмкіндікпен салыстырып қарағанда едәуір алға жылжып, ілгеріледік. Бұл жолы Президент экономика, мемлекетке тартылатын инвестиция туралы көбірек мәселе қозғады.
Экономиканың алға басуы руханияттың дамуына оң серпіні берері анық. Президент «Келешек» бағдарламасы бойынша әр туылған балаға салынатын депозит жөнінде де кеңінен тоқталды. Бұл шешім мәдениет саласының қызметкерлерін де қуантып отыр.
Әр балаға салынған қаржы ата-анаға үлкен көмек болары анық. Жолдау да еліміздің әр ауласын, әр отбасын дамытуға бағытталған мәселелер көп айтылды. Оның бәрі де өзекті.
Алима Кенжебаева
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Құрметті, Джалпанов Бакытжан Булатович!
Сізді 40-жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, табыс-тартуларыңыз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!
Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,
Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз!
Дәулет пен мерейіңіз таси берсін,
Арта берсін абырой - беделіңіз!
Ізгі ниетпен «Қолданбалы математика және статистика» кафедрасының ұжымы
Студенттердің үздік ғылыми-зерттеу жұмыстары
"Автоматтандыру және басқару" бөлімі бойынша 2019-2020 оқу жылының СҒЗЖ конкурсына 17 ғылыми студенттік жұмыс келіп түсті. Оның ішінде М.Х Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен 4 жұмыс, Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінен 3 жұмыс, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен 2 жұмыс, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінен 2 жұмыс, Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясысынан 2 жұмыс, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінен 1 жұмыс, Алматы технологиялық университетінен 1 жұмыс, С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінен 1 жұмыс, Satbayev UNIVERSITET 1 жұмыс келіп түсті.
Қазақстан жастарының ғылымдағы дамуы – біздің болашағымыз
Бүгінде әлемнің алдыңғы қатарлы елдері ғылымсыз, озық білім мен инновациялық технологияларсыз мемлекеттің экономикасы мен азаматтардың әлеуметтік жағдайын түзеу мүмкін еместігін жақсы түсініп, ғылым саласының дамуына басымдықтар беріп отыр. «Техникалық физика» кафедрасы белгілі бір бағыттағы мамандарды ғана емес, ғылыми қызметке кадрларды да дайындауды мақсат етеді.
28 сәуір күні, Ғылым күніне орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, "Техникалық физика" кафедрасы ұжымының ұйымдастыруымен "Квант" студенттік ғылыми үйірмесінің мүшелері, Тараз қаласының мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы «Қазақстан жастарының ғылымдағы дамуы – біздің болашағымыз» атты конференция өтті. Конференция жұмысына Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы п.ғ.к., доцент Муратова Г.И., Ақпараттық технологиялар факультетінің ғылыми жұмыстары бойынша декан орынбасары Абдувалова А. қатысып, студенттер мен мектеп оқушыларының зерттеу жұмыстары туралы өз ойларымен бөлісті.
Жеңімпаздарды құттықтау!
Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университетінің 2022 жылдың 16-17-ші наурызында V Халықаралық ғылыми жұмыстар мен шығармашылық жобалар байқауының қорытындысы бойынша М.Х.Дулати атындығы ТарӨУ- нің "Ақпараттық технологиялар" факультетінің «6В06120-Бағдарламалық иженерия» мамандығының студенті Хмелевский Р. (1 орын), жетекшісі т.ғ.к. Жидекулова Г.Е., Болсын Жанира 6В05413-Математика және математиканы оқыту мамандығының студенті (3 орын), жетекшісі п.ғ.к. Бөлеева Л.К., 6В06113-ПРПО мамандығының студенті Исабекова Таңсу (3 орын), жетекшісі Шрымбай Д., 6В06114-ИиИКТ мамандығының студенті Сәрсекей Нұржан (3 орын), жетекшісі Тажиева Р.Н. орындарын иеленді. Факультет деканы Г.И.Муратова студенттер мен жетекшілерді марапаттап,құттықтады. Студенттерге шығармашылық ізденістер мен ғылыми жаңалықтардың арта беруіне тілектеспіз!
Қазақстан жастарының ғылымдағы серпіні – біздің болашағымыз
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы кең мағынада бұрыннан бар білімді кеңейтуге, жаңа мәліметтер алуға, бар ғылыми болжамдарды тексеруге және табиғат пен қоғамдағы жаңа заңдылықтарды, құбылыстарды анықтауға бағытталған іс-әрекет және оның нәтижесі болып табылады. Сондықтан бұл үрдіс студенттің университеттегі оқу жұмысын және рефераттар мен курстық жұмыстарды дайындауды ғана емес, сонымен қатар оның ғылыми үйірмелердегі, конференциялардағы сабақтан тыс жұмыстарын қамтиды.
«Техникалық физика» кафедрасы белгілі бір бағыттағы мамандарды ғана емес, ғылыми қызметке кадрларды да дайындауды мақсат етеді.
Бір үйдің баласындай
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Ақпараттық технологиялар» факультетінің «Достық» ұйымы Тараз қаласындағы "Үміт" мамандандырылған балалар үйінде «Бір үйдің баласындай» атты концерттік бағдарламасын қойды. «Достық» ұйымының мүшелері 1 курс студенттері Бекбосын Қ. және Ургенчев Н. концертті жүргізді. Топтың студенті Әлімбай М. «Бір үйдің баласындай» атты әнді гитарамен орындады. Топтың студенттері Жашауова Д. Және Сейдазим А. орындауында «Қазақ елі» атты әні шырқалды. 2 курс студенті Жаныбек Р. балаларды арнауымен тәнті етті. «Техникалық физика» кафедрасының 1 курс студенттері балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластары мен аялы алақандарын созып, ән айтып, бүлдіршіндердің көңілдерін көтерді. Балғын бөбектерге адамдық мейірімділік пен жомарттық танытып, студенттер кішігірім Жаңа жылдық сыйлықтарын тапсырды.
1 Наурыз – Алғыс айту парызым!
«Достық» ұйымы мен «Техникалық физика» кафедрасының ұйымдастыруымен бүгін "1 Наурыз – Алғыс айту парызым!" атты қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті. Студенттер әзірлеген тағамдар мән тәттілер жәрмеңкесіне профессор-оқытушылар да атсалысты. Қайырымдылық жәрмеңкесі жастарды адами қарым-қатынас сезіміне тәрбиелеу, көмекке зәру жандарға мейірімділік пен жанашырлық таныту, оларды рухани тұрғыда қолдап-қуаттау мақсатында өткізілді. Жәрмеңкеде түрлі тіл үйіретін тәтті-тағамдар мен сусындар ұсынылды.
Дәстүрге айналған жәрмеңкенің мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз жартылай жетім студенттеріне және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету; университет ұжымы мен студенттерінің санасына мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық сияқты ізгі ұғымдарды қалыптастыру. Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету, оларды рухани тұрғыда қолдап-қуаттау.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Құрметті, Толқынбаева Айнұр Тұрсынханқызы!
Сізді, келіп жеткен 50 жас мерейтойыңызбен құттықтаймыз! Шаңырағыңызға береке - бірлік, шадыман шаттық, қуаныш тілей отырып, сізге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, қажымас қайрат, сарқылмас қуат тілейміз. Өміріңіз қашан да көктемдей жарқын әрі шуақты, жаздай жылы әрі жайма шуақ болсын!
ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУДАН БАСТАЛАДЫ
Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – құқықтық сауаттылықты арттыру. Азаматтардың өз құқығын қорғаудың жөн-жосығын біле бермейтіндігі көп нәрсеге кедергі. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Ақпараттық технологиялар» факультетінің «Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының оқытушылары дөңгелек үстел ұйымдастырып, осы тақырыпты талқыға салды.
«Азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігі» тақырыбын қаузаған дөңгелек үстелген Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Қанат Белгібаев, аға жедел уәкіл полиция майоры Андрей Сухарев, университетіміздің дінтану орталығының бас маманы Бахтияр Алпысбаев қатысты.
Басқосуда «Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының аға оқытушысы Акмарал Тлешова осы іс-шараның мақсаты мен маңыздылығына тоқталды.
ҚАРТТАРҒА ҚАМҚОР ЖАСТАР БАР
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Автоматика және телекоммуникациялар» кафедрасы Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орайы концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Тағдырдың теперішін көрген қарияларға студент жастар осылайша көңіл бөліп, жандарына шуақ сыйлады. Қоғамда қамкөңіл жандарға қамқор жастар барын көрсетті.
Автоматтандыру және телекоммуникациялар» кафедрасының меңгерушісі М. Жүнісбековтың айтуынша,бұл шараға 6В07122- «Басқару жүйелеріндегі автоматтандыру және ақпараттандыру» және В06211- «Көп арналы талшықты-оптикалық желілер мен жүйелер» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері мен топ кураторы М.Толғанбаева мұрындық болған. Студенттер ән айтып, би билеп, тақпақ айтып, музыкалық аспаптарда ойнады.
ҒЫЛЫМИ АУДАРМА ЖӘНЕ ЖАРИЯЛАНЫМДАРДЫ ҚОЛДАУ
2021 жылдың 18 ақпанында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры С.Ә.Орынбаевтың ұйымдастыруымен, «Ғылыми аударма және жарияланымдарды қолдау» бюросының жұмысына арналған оқытушы-профессорлық құрамымен кездесу, «Ақпараттық технологиялар» факультетінде өткізілді. Университеттің зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Д.Ы.Нұрмұханбет кездесуді ашып берді.
Департамент бастығы С.Ә.Орынбаев бюроның негізгі қызметі -университет ғалымдарының Scopus және Web of Science базаларына кіретін журналдарға мақалаларды жариялау қызметтерін ұсыну болып табылатынын атап кетті, оның ішінде Scopus жүйесінде индекстелген журналдарды таңдау, мақаланың орыс не қазақ тілінен ағылшын тіліне кәсіби аудару, мақаланы безендіру, әдебиеттер тізімін журналдардың талаптарына сәйкес безендіру және мақаланы журналдарға жіберу жұмыстарымен айнылысады.
КАНДИДАТТЫҚ ДИССЕРТАЦИЯСЫНА АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН АРҚАУ ЕТТІ
Қазір өндірісте және басқа салаларға автоматтандыру жүйесі енгізіліп жатқаны белгілі. Инновацияға көшу – ғылым-білімге де аса қажет. Сондықтан, зерттеушілер бұл мәселені назардан тыс қалдырған емес.
Жақында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қолданбалы информатика және бағдарламалау» кафедрасының аға оқытушысы Марина Байжарикова И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде «Компьютерный контроль параметров, автоматизация управлении трехступенчатым процессом метанового сбраживания органических отходов в биореакторах» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Зерттеуші органикалық қалдықтарды өңдеу сатыларын басқару процесін автоматтандыру жолын ұсынған.
Әріптесіміз Марина Айтмұханқызын кандидаттық диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз!
МАМАНДЫҒЫМ - БОЛАШЫҒЫМ
4.12.2021 жылы сағат 10.00-де технологиялық кешеннің 2.3.101 мәжіліс залында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Ақпараттық технологиялар» факультетінің ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы К.Э. Циолковский атындағы №7 мектеп гимназиясы, Керімбай атындағы №12 мектеп гимназиясы, Ы. Алтынсарин атындағы №49 мектеп гимназиясы және Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназия оқушыларының қатысуымен кәсіптік бағдарлау мақсатында ашық есік күні өткізілді.
«VI ҮРКІМБАЕВ ОҚУЛАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ «АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ РОБОТЕХНИКА» CЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
2021 жылдың 26 қарашасында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ұйымдастыруымен академик, техника ғылымдарының докторы, профессор М.Ф.Үркімбаевты еске алуға арналған дәстүрлі «VI ҮРКІМБАЕВ ОҚУЛАРЫ» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.
Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясының «Ақпараттық жүйелер және роботехника» cекциясы бойынша мақала жарияланып, баяндамалар тыңдалды.
ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМДАҒЫ СЕРПІНІ – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы кең мағынада бұрыннан бар білімді кеңейтуге, жаңа мәліметтер алуға, бар ғылыми болжамдарды тексеруге және табиғат пен қоғамдағы жаңа заңдылықтарды, құбылыстарды анықтауға бағытталған іс-әрекет және оның нәтижесі болып табылады. Сондықтан бұл үрдіс студенттің университеттегі оқу жұмысын және рефераттар мен курстық жұмыстарды дайындауды ғана емес, сонымен қатар оның ғылыми үйірмелердегі, конференциялардағы сабақтан тыс жұмыстарын қамтиды.
«Техникалық физика» кафедрасы белгілі бір бағыттағы мамандарды ғана емес, ғылыми қызметке кадрларды да дайындауды мақсат етеді.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушы Садирмекова Жанна Бәкірбайқызын PhD докторы дәрежесін алу үшін «6D070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз!
«ҚАМҚОР МЕНЕДЖМЕНТ» ЖШС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
22.10.2021 ж. 2.1.301 «Қамқор Менеджмент» ЖШС өкілдерінің 5В070200 «Автоматтандыру және басқару», 6В07122 «Басқару жүйелеріндегі автоматтандыру және ақпараттандыру» мамандықтары бойынша 3,4 курс студенттерімен кездесуі өтті. «Автоматтандыру және телекоммуникациялар» кафедрасы «Қамқор Менеджмент» ЖШС-де жоғарыда аталған мамандықтар бойынша студенттерді практикалық оқыту туралы келісім-шарт жасасуды жоспарлап отыр.
Подробнее ...
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Жаңа оқу жылының басы “Қолданбалы математика және статистика” кафедрасы үшін жақсы жаңалықтармен басталды. Математика және статистика білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Саткожаева Эльвира Н.Назарбаев қорының стипендиясын жеңіп алды. |
Университет бойынша 3 студент осы стипендияны жеңіп алған екен. Солардың қатарында біздің студентіміздің бар болғанына қуаныштымыз. Эльвира “Қолданбалы математика және статистика” кафедрасының үздік студенттерінің бірі, ғылыми конференцияларда белсенділігін көрсетеді. Дарынды студентімізді шын жүректен құттықтаймыз!
«АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ, АВТОМАТИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ «ЗЕРТТЕУШІ - СТУДЕНТ» -2020 БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Студенттердің ғылыми белсенділігін ынталандыру және олардың ішіндегі ең талантты және дарындыларын анықтау мақсатында біздің университет жыл сайын «Зерттеуші - студент» біліктілігі үшін байқау өткізеді.
ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ БАС ҚОСУ
2021 жылдың сәуір айының 9-ы Zoom платформасы арқылы факультетіміздің «Автоматика және телекоммуникация» кафедрасының 6B07122- Басқару жүйесіндегі автоматтандыру және ақпараттандыру мамандығының 2-курс студенттері мен топ кураторы Нұржанов Берік Серғалиұлы https://www.kaznu.kz Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Мансурова Мадина Есимхановнаның https://www.kaznu.kz/ru/19223/page басшылығымен басқарылып отырған «Жасанда Интеллект және Big Data» кафедрасында аға оқытушы Орманбекова Айнұр Әлібекқызымен онлайн кездесу өткізді.
БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТ: АДАМЗАТТЫҢ ОРТАҚ ЖЕҢІСІ
«Сандық қоғам адам дамуының мәдени және тарихи байланысы ретінде: сандық мәдениеттен кибермәдениетке дейін» атты халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференция өтті.
БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТ: АДАМЗАТТЫҢ ОРТАҚ ЖЕҢІСІ
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауының негізінде айтылған келесі бір бағыт – бәсекелік қабілет. Елбасы өз сөзінде: «Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.» дейді. Елдің бәсекеге қабілетті болуы, әрбір азаматтың дарында әрі білімді болуы деген сөз. Сауаттылық сананы игеру ғана емес, сонымен қатар өз болмысың мен күшіңді көрсете білу.
Осы мақсатта 31 наурыз 2021ж. күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникациялар факультетінің ұйымдастыруымен «Сандық қоғам адам дамуының мәдени және тарихи байланысы ретінде: сандық мәдениеттен кибермәдениетке дейін» атты халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференция өтті.
«ЖҮЗ ЖЫЛ ЖЫРЛАҒАН ЖҮРЕК» ТАҚЫРЫБЫНДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫН ӨТТІ
«Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация» факультетінің «Автоматика және телекоммуникация» кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жүз жыл жырлаған жүрек» тақырыбында интеллектуалды ойын өткізді.
Ашық интеллектуалды сабақтың мақсаты:
- студенттерді ұлы ақынның өмірлік және шығармашылық жолымен, соғыс жылдарындағы импровизация-өлеңдердің тақырыбы мен идеялық мазмұнымен таныстыру;
- Ж. Жабаевтың өмірі мен қызметі мысалында студенттердің патриоттық, ар-намыс, адамгершілік сезімдерін, белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеу;
- қоғамның Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына деген ынтасын оятып, қызығушылығын арттыруды, жыр алыбының баға жетпес ұлттық мұрасы арқылы халықтың рухани деңгейін дамыту.