Семинарда кітапхана-ақпарат орталығының бөлім меңгерушісі Н.Рыбалкина белгілі басылымдарға арналған ғылыми мақалаларды шолудың ақпараттық ресурстарының жабдықталуын баяндады. Фаультеттің оқытушы-профессорлық құрамы жоғары индексті мақалаларды жариялауға байланысты сұрақтарын қойды. Кездесу барысында қатысушылар маңызды және пайдалы ақпарат алды.
ҒЫЛЫМИ АУДАРМА ЖӘНЕ ЖАРИЯЛАНЫМДАРДЫ ҚОЛДАУ
2021 жылдың 18 ақпанында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры С.Ә.Орынбаевтың ұйымдастыруымен, «Ғылыми аударма және жарияланымдарды қолдау» бюросының жұмысына арналған оқытушы-профессорлық құрамымен кездесу, «Ақпараттық технологиялар» факультетінде өткізілді. Университеттің зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Д.Ы.Нұрмұханбет кездесуді ашып берді.
Департамент бастығы С.Ә.Орынбаев бюроның негізгі қызметі -университет ғалымдарының Scopus және Web of Science базаларына кіретін журналдарға мақалаларды жариялау қызметтерін ұсыну болып табылатынын атап кетті, оның ішінде Scopus жүйесінде индекстелген журналдарды таңдау, мақаланың орыс не қазақ тілінен ағылшын тіліне кәсіби аудару, мақаланы безендіру, әдебиеттер тізімін журналдардың талаптарына сәйкес безендіру және мақаланы журналдарға жіберу жұмыстарымен айнылысады.