Бір үйдің баласындай
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Ақпараттық технологиялар» факультетінің «Достық» ұйымы Тараз қаласындағы "Үміт" мамандандырылған балалар үйінде «Бір үйдің баласындай» атты концерттік бағдарламасын қойды. «Достық» ұйымының мүшелері 1 курс студенттері Бекбосын Қ. және Ургенчев Н. концертті жүргізді. Топтың студенті Әлімбай М. «Бір үйдің баласындай» атты әнді гитарамен орындады. Топтың студенттері Жашауова Д. Және Сейдазим А. орындауында «Қазақ елі» атты әні шырқалды. 2 курс студенті Жаныбек Р. балаларды арнауымен тәнті етті. «Техникалық физика» кафедрасының 1 курс студенттері балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластары мен аялы алақандарын созып, ән айтып, бүлдіршіндердің көңілдерін көтерді. Балғын бөбектерге адамдық мейірімділік пен жомарттық танытып, студенттер кішігірім Жаңа жылдық сыйлықтарын тапсырды.