Секция отырысына “Ақпараттық технологиялар” факультетінің алыс, жақын шетелдерден баяндамашылар, факультет оқытушылары мен студенттері қатысты. Қатысушылар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде баяндама жасады. Португалия мемлекетінің Браганса политехникалық институтының профессоры Санчес де Кастро Лопес Руи Педро "Big Data trends in city resources analysis" тақырыпта баяндама жасады.
«Ақпараттық жүйелер және роботехника» cекциясы бойынша баяндамашылар ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың теориясы мен практикасы саласында заманауи зерттеу әдістері мен ақпараттық жүйелер, есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету, радиотехника, электроника технологиялардың теориясы мен практикасының жаңа жетістіктер мен мәселелер жөнінде өз зерттеулерімен бөлісті. Конференция барысында қатысушылар маңызды және пайдалы ақпарат алды.
Конференция модераторы, “Ақпарттық технологиялар” факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Г.И.Муратова баяндамаларда көрсетілген мәселелердің кең ауқымдылығын және өзектілігін атап өтті. Қатысушылар баяндамаларда көрсетілген мәселелерді шешу жолдарын ұсыну және материалды еркін меңгеруімен ерекшеленді.
Конференция соңында модератор конференцияға қатысушыларға жемісті еңбектері үшін зор алғыс білдірді және мол шығармашылық табыс тіледі!