БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТ: АДАМЗАТТЫҢ ОРТАҚ ЖЕҢІСІ

«Сандық қоғам адам дамуының мәдени және тарихи байланысы ретінде: сандық мәдениеттен кибермәдениетке дейін» атты халықаралық онлайн  ғылыми-практикалық конференция өтті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауының негізінде айтылған келесі бір бағыт – бәсекелік қабілет.Елбасы өз сөзінде: «Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.» дейді.Елдің бәсекеге қабілетті болуы, әрбір азаматтың дарында әрі білімді болуы деген сөз. Сауаттылық сананы игеру ғана емес, сонымен қатар өз болмысың мен күшіңді көрсете білу.

Осы мақсатта 31 наурыз 2021ж. күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникациялар факультетінің ұйымдастыруымен «Сандық қоғам адам дамуының мәдени және тарихи байланысы ретінде: сандық мәдениеттен кибермәдениетке дейін» атты халықаралық онлайн  ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға Болгария Республикасы, София қаласындағыКітапханалық зерттеу және ақпараттық технологиялар университетінің Ph.D., профессоры Йоцов Вламимир, Қырғызстан Республикасы ,И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, «Қолданбалы информатика» кафедрасының меңгерушісі, ф-м.ғ.д., профессоры Бийбосунов Болотбек Ильясович қатысты.

Конференция барысында «мәдени кеңістік» ұғымының генезисіне тарихи-мәдени талдау жүргізу, нақты әлем мен виртуалды болмыстың призмасы арқылы сандық ұрпақ феноменін зерттеу, батыстық зерттеулер мысалында сандық буынның мәдени кеңістігі өлшемдеріне әдіснамалық талдау жүргізу, сандық буынның мәдени өзгерістерінің заманауи трендтерін ашу талқыланды.

Конференция материалдары М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ «DulatyUniversity Хабаршысы» журналында жарияланады.

 АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР, АВТОМАТИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ, П.Ғ.К.,ДОЦЕНТ Г.И.МУРАТОВА


 

Top