ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ БАС ҚОСУ

2021 жылдың сәуір айының 9-ы Zoom платформасы арқылы факультетіміздің «Автоматика және телекоммуникация» кафедрасының 6B07122- Басқару жүйесіндегі автоматтандыру және ақпараттандыру мамандығының 2-курс студенттері мен топ кураторы Нұржанов Берік Серғалиұлы https://www.kaznu.kz Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Мансурова Мадина Есимхановнаның https://www.kaznu.kz/ru/19223/page басшылығымен басқарылып отырған «Жасанда Интеллект және Big Data» кафедрасында аға оқытушы Орманбекова Айнұр Әлібекқызымен онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында Айнұр Әлібекқызы қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі «Қашықтықтан білім алу қиындықтары мен артықшылықтары» тақырыбында баяндама жасады. Студенттер тарапынан сан қырлы сауалдар қойылып, қазіргі карантин кезінде қашықтықтан білім алудағы қызықты оқиғалары мен қиыншылықтары жайлы сыр шертілді.  Кездесу өте қызықты өтіп, студенттер өздерін мазалап жүрген сұрақтардың жауаптарын алды деген үміттеміз. 

фитатxфититex

Медиа-қызмет

Top