Конференцияда кафедра студенттері мен мектеп оқушыларының үздік ғылыми жұмыстары көрсетіліп, баяндамалар тыңдалды. Соның ішінде «Квант» үйірмесінің мүшелері Тұрғын Рахат (2-курс), Түзелбек Ажар (3 курс) өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын көрнекі түрде баяндап көрсетіп, қатысушылардың алғысын алды. Кафедра меңгерушісі Кейкиманова М.Т. өзінің авторлық монографиясын студенттерге сыйлады.
Көрсетілген жұмыстар мен онда қозғалған мәселелер өзекті болып, конференцияға қатысушыларының арасында үлкен қызығушылық тудырды. Ең үздік жұмыстар ерекше аталып, марапатталды: Д.М.Карбышев атындағы №16 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Тайлан Жанел (жетекшісі: Аманжолова Акмарал – физика пәнінің мұғалімі); Ю.Гагарин атындағы №29 орта мектебінің оқушысы Жылгелдина Эльмира (жетекшісі: Альжанов Сакен Уксикбаевич – физика пәнінің мұғалімі); №15 мектеп-гимназиясының оқушысы Болатжан Еңлік (жетекші – Ермаханова Сымбат). №57 орта мектептің оқушысы Иманбекова Нұрай Жылу қозғалтқыштарының жер экологиясына әсері туралы мәселелерді көтеріп, өз ойымен бөлісті. №15 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушылары Абдраимова Жансая мен Рахымбек Инкар (жетекшісі Құрбанова Толқын) дыбыс толқындарының адам ағзасына әсерін зерттегенін, әр түрлі тәжірибелермен тексергенін көрнекі түрде баяндады. №29 Ю.Гагарин атындағы орта мектептің оқушысы Сергеев Анатолий (жетекшісі Нуртаева Жанар) әр түрлі қозғалтқыштардың жұмыс жасау принциптерін жіті зерттеп, өз қолымен жасаған қозғалтқыштардың ерекшеліктерін көрсетіп, студенттер мен оқушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Конференцияға қатысқан студенттер баяндамашыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Әділ қазылар алқасының мүшелері ф.-м.ғ.к., доцент Егембердиева С.Ш., «Физика» мамандығының түлегі, конференция конағы, Назарбаев зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі Қасқарбаев Ерболат конференцияға оң бағасын беріп, қатысушыларға ғылым жолында жалықпай ізденіп, алдағы қадамдарына сәттілік тіледі. Конференция жұмысына қатысқан барлық мұғалімдерге алғыс хат табысталды.