КАНДИДАТТЫҚ ДИССЕРТАЦИЯСЫНА АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН АРҚАУ ЕТТІ

Қазір өндірісте және басқа салаларға автоматтандыру жүйесі енгізіліп жатқаны белгілі. Инновацияға көшу – ғылым-білімге де аса қажет. Сондықтан, зерттеушілер бұл мәселені назардан тыс қалдырған емес.

Жақында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қолданбалы информатика және бағдарламалау» кафедрасының аға оқытушысы Марина Байжарикова И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде  «Компьютерный контроль параметров, автоматизация управлении трехступенчатым процессом метанового сбраживания органических отходов в биореакторах» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Зерттеуші органикалық қалдықтарды өңдеу сатыларын басқару процесін автоматтандыру жолын ұсынған.

Әріптесіміз Марина Айтмұханқызын кандидаттық диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз!

 

Top