Ұйымдастырылған шараға деканат, сонымен қатар факультет құрамындағы барлық 5 кафедралардың профессор-оқытушылар құрамы түгелімен дерлік қатысты.
1. Алғашқы сөзді «Ақпараттық технологиялар» факультетінің деканы Г.И. Муратова алды. Факультет деканы мектеп бітірушілеріне ТарӨУ талаптары мен тәртібін таныстырды, кредиттік оқу жүйесінің еркешеліктерін, факультетте жүргізіліп жатқан ғылыми, оқу-әдістемелік, тәрбиелік жұмыстары туралы баяндады. Факультет студенттерінің академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында Қазақстанның алыс, жақын шет елдерінің жетекші университтерінде академиялық ұтқырлық бойынша оқу мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.
2. Келесі кезекте ТарӨУ қабылдау комиссиясының маманы Рахметов Руслан Рахметұлы сөз алды. Ол үстіміздегі оқу жылындағы абитуриенттерді қабылдау ережелерімен таныстырып, ондағы ерекшеліктерін атап көрсетті. Қабылдау комиссиясының маманынан оқушылар өздеріне қажетті кешенді тест туралы ойландырып жүрген сұрақтарына жауап алды. «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының профессоры М.С.Туленбаев түлектерге сәттілік тілей отырып, ақпараттық технологияның, цифрландырудың ең заманауи мамандық екендігін және бұл мамандықтың иелері барлық салаларда жұмыс істей алатындығына ерекше тоқталып өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар факультеттің, яғни «Техникалық физика», «Ақпараттық жүйелер», «Қолдаңбалы информатика және бағдарламалау», «Қолдаңбалы математика және статистика», «Автомаика және телекоммуникация» кафедраларының лабораторияларын аралап, материалдық-техникалық базаларымен таныстырылды.