ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

1

Жаңа оқу жылының басы “Қолданбалы математика және статистика” кафедрасы үшін жақсы жаңалықтармен басталды. Математика және статистика білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Саткожаева Эльвира Н.Назарбаев қорының стипендиясын жеңіп алды.

Университет бойынша 3 студент осы стипендияны жеңіп алған екен. Солардың қатарында біздің студентіміздің бар болғанына қуаныштымыз. Эльвира “Қолданбалы математика және статистика” кафедрасының үздік студенттерінің бірі, ғылыми конференцияларда белсенділігін көрсетеді. Дарынды студентімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Top