Өз-өзіңді қорғаудың бір жолы – құқықтық тұрғыда сауатты болу. Ал ол үшін қандай заңдарды білу керек? Құқықтық сауаттылықты арттыруды неден бастаған жөн? Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру,өздерінің азаматтық қауіпсіздігі туралы түсінігін кеңейтуді көздеген іс-шарада облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Қанат Белгібаев азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғамның және мемлекеттік өмірдің барлық саласында қорғалуға жататын негізгі құндылықтары екенін атап айтты. Жалпы кез келген демократиялық жүйеде азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігі – өркениет жетістіктерінің көрсеткіші ретінде объективті әрекет ететін ең маңызды әлеуметтік және саяси-құқықтық институт саналады. Сондықтан да әлемдік қауымдастық азаматтың құқығы мен оның қауіпсіздігін жалпыға ортақ идеал, үдемелі даму мен өркендеудің негізі, тұрақтылық пен беріктілік факторы ретінде қарастырылады дейді ол.
Жедел уәкіл полиция майоры Андрей Сухарев азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін іске асыру мен қорғаудың қажетті деңгейін жасау екенін алға тартты. Адам мен қоғамның өмірлік маңызы бар мүдделеріне төнген қауіпке қарсы Нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық, құқық қорғау және өзге де сипаттағы шаралар мен құралдарды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізілетінін түсіндірді.
Қазіргі таңда жастарды ұлттық және діни салалардағы құқықтар мен қауіпсіздіктері сауаттылығын арттыру өзекті мәселе болып отыр. Студенттердің осы тақырыпқа қатысты туындаған сұрақтарына дінтану орталығының бас маманы Бахтияр Алпысбаев студенттердің сұрақтарына жауап беріп, толық ақпарат берді.