«АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ, АВТОМАТИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ «ЗЕРТТЕУШІ - СТУДЕНТ» -2020 БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Студенттердің ғылыми белсенділігін ынталандыру және олардың ішіндегі ең талантты және дарындыларын анықтау мақсатында біздің университет жыл сайын «Зерттеуші - студент» біліктілігі үшін байқау өткізеді.

2020-2021 оқу жылында «Ақпараттық технология, автоматика және телекоммуникация» факультетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының студенті Сәрсен Адильжан (ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Жидекулова Г.Е.) және «Математика»  кафедрасының студенттері Даулет Айда мен Нурпейсова Назерке (ғылыми жетекшілері: аға оқытушы Айтказина А.М.) «Зерттеуші студент» -2020 байқауының жеңімпаздары атанды. Университетіміздің мақтанышы болып, ғылыми тапқырлық пен ғылыми еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!!!

Top