Мектеппен байланыс нығаяды
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және Жуалы аудандық білім бөлімінің №2 Мыңбұлақ орта мектебі арасында байланыс нығая түспек. Білім мекемелері арасында орнаған ынтымақтастық оқу және маман даярлау процесінде тәжірибе алмасуға негізделген.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті атынан басқарма мүшесі - зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Данияр Нұрмұханбет пен Мыңбұлақ мектебінің директоры Нарбек Қожагелдин білім, ғылым мен мәдениет саласында тікелей және өзара ынтымақтастық орнату және оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында меморандумға қол қойды.
Кейс оқытушыға оқудың кез келген кезеңінде керек
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті технологиялық факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасында «Бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша жүргізілетін практикалық сабақтарда кейстерді шешуге бағытталған тапсырмаларды құрастыру ерекшеліктері» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Талқыланған мәселелер – әдістің тарихы; кейс әдісін ұйымдастыру және қолдану; кейс әдісін қолданудың нәтижелері.
«Химия және химиялық технология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, сонымен қатар семинарға қатысуға сұраным берген технологиялық факультетінің окытушылары – «Текстиль, материалтану және сертификация» кафедрасының аға оқытушылары Ғ. Қасымова, Г. Түлендиева қатысып, кейстердің қолданылу тәжірибесіне қызығушылық танытты.
Ұлттық құндылықтар ұмытылмайды
Жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, дәстүр-салтымызды дәріптеу мақсатында «Технологиялық» факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасында 3 курс студенттері мен топ кураторы Эльвира Байбазарова және Роза Баданова Ұлыстың ұлы күнінде ұлықталатын амалдар мен салт-дәстүрлерді қайта жаңғыртып, «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді.
Іс-шараға кафедра меңгерушісі Бақыткүл Масалимова және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Бақыткүл Қабыкенқызы ұлттық құндылықтар туралы ой қозғап, топ студенттері бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіре отырып жақсы көтеріңкі көңіл күймен бастады.
Әліпби мәселесі әлі де ойландырады
Латын негізді графикаға көшу мәселесі кейінге шегерілгенімен, бұ мәселені ғалымдар әлі де талқылап жатыр. Себебі, бұл жақын болашақты жүзеге асуы мүмкін қажет қадам дейді мамандар. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының доценті Гүлназия Сейтбекова және Дилбар Күлбаеваның ұйымдастырған «Латын негізді жаңа әліпби – ұлтымыздың жарқын болашағы» тақырыбында факультет деңгейінде өткен дөңгелек үстелде филологтар осы төңіректегі түйткілдерді сөз етті.
Дөңгелек үстелде бас қосқан «Химия және химиялық технология», «Филология және журналистика» кафедрасының оқытушылары және технология факультетінің профессор оқытушылар құрамы мен студенттер ой-пікірлерін ортаға салды. Латын графикалы жаңа әліпбиге көшудің артықшылықтары айтылды.
НАУРЫЗ – КӨКТЕМНІҢ ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ
18 наурызда «Қолданбалы биология» кафедрасында Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті. 6В05112- «Жалпы биология» мамандығының 1 курс студенттері Ұлыс күнінің тарихын, оны Қазақстанда қалай атап өтетінін талқылады. Түрлі ұлттық тағамдарды әзірлеп, ойындар ойнатылды. Салт-дәстүрлер жаңғырып, соңы көктемгі көңіл - күйді көтерген шағын концертке ұласты.
Наурыз – көктемнің жаңару мерекесі! Бұл күнді бүкіл қазақстандықтар тойлайды. Ән айтып, би билейді, ұлттық ойындар мен көңілді іс-шараларға қатысады. Наурыз-көктемгі жаңару мерекесі! Қазақ халқы күн мен түн теңелетін Ұлыс күнін жыл басы санайды.
КОМПЛУТЕНС УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЕКІЖАҚТЫ КЕЛІСІМ ОРНАДЫ
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті технологиялық факультетінің «Химия және химиялық технолгия» кафедрасының Phd, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Маржан Калмаханова наурыздың 3-15 аралығында Браганса Политехникалық институтында (Португалия, Браганса), Комплутенс Университетінде (Universidad Complutense de Madrid (UCM) және Король Хуан Карлос (Universidad Rey Juan Carlos, URJC ) (Испания, Мадрид) университетіне барып ғылыми тағылымдадан өтіп келді.
ЖАСТАРДЫҢ ЖОБАСЫ ТАБЫС ӘКЕЛДІ
М.Дулати атындағы Тараз өңірлік универсиеті ұйымдастырған «DULATY STARTUP FEST» байқауына технологиялық факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасынан 11 жұмыс ұсынылған болатын. Соның ішінде оқытушы, магистр Мұрат Дәуренбек жетекшілік еткен ғылыми жоба байқаудың финалына өтіп, 2-орынға лайықты деп бағаланды.
Студенттердің кәсіпкерлікке бет бұруына жол ашатын мұндай байқаулардың маңызы зор. Бұл қадам – озық білім мен технологияларды осы салаға кеңірек енгізудің жолы. Екіншіден, осы арқылы жастардың әлеуметтік маңызы бар бизнес-бастамаларына қолдау көрсетуге мүмкіндік туады.
ТАТУЛЫҚ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ
Татулық – елдегі ішкі тұрақтылықтың кепілі. Алауыздық ауызбіршіліктен айырады. Берекенің өзі тыныштық пен ынтымағы асқан жерге үйір. Жастардың бойында толерантты мінез-құлық қалыптастыру үшін осы ұғымдардың мәнін түсіндіру қажет. Осы мақсатта 15 наурызда «Химия және химиялық технология» кафедрасының бірқатар оқытушылары доцент Х.Садиева, М. Дәуренбек, Д.Күлбаеваның «Ұлтаралық татулық және ынтымақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Өзекті тақырып төңірегінде келелі әңгіме қозғалған басқосуда кафедраның профессор оқытушылар құрамы, университеттің тәрбие бөлімінің мамандары, студенттер ой-пікірлерімен бөлісті. Дөңгелек үстелде ұлтаралық татулық, бейбітшілік, достық туралы мәселелер талқыланып, ұлттық тәрбие мен татулықтың мән-мағынасы түсіндірілді.
ҰСТАЗ ӨНЕГЕСІ – ЖАСТАРҒА ҮЛГІ
Қазақ даласындағы ұлттық мектептің қалыптасу тарихында педагог Ыбырай Алтынсариннің есімі ерекше аталады. Оның ұстаздық жолымен қатар, мол мұралары жас зерттеушілер үшін әлі тың тақырып. Ұстаз еңбектерінің жастардың таным-түсінігін кеңейтіп, танымдық көзқарастарын нығайтуға да тигізер ықпалы көп.
Жастардың шығармашылық ізденістерін арттыру мақсатында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Химия және химиялық технология» кафедрасының доценті Гүлназия Сейтбекова және 1-3 курс студенттері «Ұлы есімдер – Ы. Алтынсариннің өнегесі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
"МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР ЗИЯНКЕСТЕРІ" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АШЫҚ САБАҚ
Технологиялық факультеттің "Қолданбалы биология" кафедрасында "Зиянкестермен биологиялық күресу әдістері" пәні бойынша "Жалпы биология" мамандығының 1 курс магистранттарында ашық практикалық сабақ өткізілді.
PhD доктор, "Қолданбалы биология" кафедрасының доцент м.а. Момбаева Бекзат Кунсалиевна 2022 жылдың 25 ақпанда "Майлы дақылдар зиянкестері" тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізілді.
Егер дәріс кезінде білім алушы ғылыми білімнің негізін жалпылама түрде алса, практикалық сабақтар осы білімді тереңдетуге, кеңейтуге және кәсіби қызмет дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Практикалық сабақтар магистранттардың ғылыми ойын дамытады.
ДӘСТҮР БОЙЫНША КӨКТЕМНІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ "ЖҮРЕГІМ ТОЛҒАН МЕЙІРІМ"!
Бұл акцияның мақсаты-адамдарға қамқорлық жасау, мейірімділік, жанашырлық, көмекке келу, қарт адамдарға терең құрмет сезімін тәрбиелеу.
1-наурызда "Қолданбалы биология" кафедрасының оқытушылары мен студенттері, 125 адам тұратын әкім Каллаур-2 мекен – жайында орналасқан №1 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйіне барды.
Акция 24.02-ден басталды - 28.02.2022 жылға дейін Технологиялық факультетте және кафедрада ақшалай қаражат жинау туралы плакаттар орналастырылды, акцияның аяқталу күніне "Қолданбалы биология" кафедрасы 50 000 теңге жинады. (елу мың теньге). Барлық жиындарға 75 адамға арналған монша сөмкесі түріндегі сыйлықтар сатып алынды және 50 қарт мүгедектерге Қазақстан - шоколад сыйлады.
ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Бәсекелі орта болғанда ғана білімге деген құштарлық артатыны белгілі. Өзара сынға түсу – оқыған-тоқығаныңды жадыңда бекемдей түсу үшін әрі бәсекелік қабілетті артту үшін қажет. Осыны ескерген М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының 7М05311 Химия және 7М07112 Химиялық инженерия және процесстер білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары кафедраның 1-3 курс студенттері арасында химия пәні бойынша олимпиада өткізген болатын.
Студенттердің химия пәніне деген қызығушылығын арттыру, олимпиада резервісінің дайындық жүйесін жетілдіруді көздеген магистранттар осылайша болашақ химиктерді ынталандырып, серпін берді.
Олимпиада екі кезеңде өткізілді. 1-кезеңде олимпиадалық тест тапсырмаларынан жоғары ұпай жинаған студенттер 2-кезеңге жіберілді. Қатысушылардан есептердің шығару жолы мен түсіндірмесін толық жазу талап етілді. Ал кез келген байланыс құралын пайдалануға тиым салынды.
АНАЛАР – ӘН-ЖЫРДЫҢ АРҚАУЫ
Ана – өмір, ана – тіршілік өзегі. Алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде ұйымдастырылған «Ана – өмір тірегі» атты іс-шараға ұрпағы үшін бейнет кешкен аналар галлериясы арқау болды.
«Химия және химиялық технология» кафедрасының 6В05314 Химия білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері мен топ кураторы Маржан Қалмаханова ұйымдастырған ашық кураторлық тәрбие сағатына университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент директоры Алуа Назарбекова, тәрбие жұмысы бойынша факультет деканының орынбасары Ғайни Анарова, кафедра меңгерушісі х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Бақытгүл Масалимова қатысты.
СЕНІМ МЕН СЫЙЛАСТЫҚҚА БАСТАҒАН ІС-ШАРА
Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл айтулы мереке елімізде 2016 жылдан бері аталып өтілуде. Содан бері барлық білім беру мекемелерінде жастарды сыйластыққа, құрметке, адамгершілікке баулитын және құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту мақсатында әр түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Осы дәстүр биыл да жалғасын тауып, «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы Саят Әлішеріқызы 2 курс студенттерімен бірлесіп, университеттің ақпараттық кітапханалық орталығында «Алғыспен ел көгерер!» тақырыбында факультет деңгейінде мерекелік іс-шара өткізді.
КӘСІБИ БАҒДАР ЖҰМЫСЫ
2022 жылдың 21 ақпаны күні «Химия және химиялық технология» кафедрасында магистратура және докторантураға түсуші талапкерлерге кәсіби бағдар беру тақырыбында онлайн кездесу өткізілді. Онлайн кездесуге кафедра меңгерушісі Масалимова Бакытгуль Кабыкеновна, кафедраның профессор оқытушылар құрамы және ниет білдіруші талапкерлер, Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары Қожас Олжас Оңғарұлы қатысты. Онлайн кездесу барысында Қожас Олжас Оңғарұлы талапкерлерге магистратура және докторантураға түсуге арналған нұсқаулықтармен таныстырып, ауқымды ақпарат берді. Қойылған сұрақтарға түсінікті, әрі сапалы мәліметтер алынды. Сонымен қатар, «Химия және химиялық технология» кафедрасының тынысы, жетістіктері мен білім беру бағдарламалары туралы бейнедеректер көрсетіліп ұсынылды.
«Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі
х.ғ.к., профессор Масалимова Бакытгуль Кабыкеновна
МАМАНДЫҚ – ӨМІР ТАҢДАУЫ
Мамандық таңдау – адамның өміріндегі ең жауапты кезеңдердің бірі, өйткені бүкіл болашақ өмір осыған байланысты. Келешекте өкінбеу үшін, бұл мәселеге немқұрайлы қарауға болмайды. Бұл сауал оқушыны ғана емес, сондай-ақ, оның ата-анасын да мазалайды. Себебі, кәсіп таңдау – оқушының өмір жолын анықтайтын шешуші сәттердің бірі.
Осыған орай, 2022 жылдың ақпан айында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен кәсіби бағдар жұмысы бойынша мектеп бітіруші түлектерімен онлайн кездесулер ұйымдастырылды.
МАМАНДЫҒЫҢ – БОЛАШАҒЫҢ
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің технологиялық факультеті, «Химия және химиялық технология» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы байланысты арттыру мақсатында арнайы апталық ұйымдастырды. Атап айтсақ, бір апта ішінде А.Құлажанова – Тараз қаласындағы №34,38,49 мектептері, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, Талас, Сарысу, Байзақ аудандарындағы білім ошақтарының мектеп бітірушілерімен онлайн форматта кездесу өткізді.
Ал М.Дәуренбек – Тараз қаласындағы №35,37,54, М.Қалмаханова – шаһардағы №2,7,18, Д.Құлбаева – облыс ортылығындағы №5, 6,14 білім ошақтарының, Т. Рысқұлов ауданындағы Ақыртөбе, Өрнек, Бірлес орта мектептерінің, Э. Байбазарова Тараз қаласы №11, 36, 50, Жуалы ауданындағы білім мекемелерінің, С.Мамешова Тараздағы №10, 39, 48 мектептерімен және Байзақ ауданына қарасты Ғ. Мұратбаев атындағы мектеп гимназиясының, Киікбаев атындағы, Сарыкемер орта мектебінің, сондай-ақ Үлгілі, Бурыл, Түймекент, Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептерінің оқушыларымен ZOOM платформасында кездесу ұйымдастырып, кәсіби бағдар жұмыстарының мақсатын түсіндірді. Жалпы оқушыларға мамандық таңдау туралы шешім қабылдауға қолдау көрсетуді көздеген іс-шараға, әсіресе, мектеп бітірушілер аса қызығушылық танытты.
ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕ ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛМЕК
Өмір жолын, әсіресе, мамандық таңдау әр адамның өз еркіне, өз қалауына байланысты десек те, көп жағдайда жол сілтер мамандармен өткен бір ғана кездесу пайым мен тұжырымды өзгертуі мүмкін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі отырысында сөйлеген сөзінде жалпы білім туралы, жоғары білім беруде мамандық таңдауда көзқарасты өзгерту қажет екенін баса айтқаны белгілі. Жоғары білім беруде гуманитарлық мамандықтардан гөрі еңбек нарығында сұраныс көп техникалық мамандықтарға басымдық берілу керектігін ескертті.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының оқытушылары т.ғ.к., доцент міндетін атқарушы Х.Садиева мен аға оқытушы, магистр Р. Баданованың бастамасымен Тараз қаласының №26, 28, 44 және Меркі ауданы №5 Ақарал орта мектептері мен Қордай ауданындағы №28 орта мектебінің бітіруші 11 сынып оқушыларымен «Кәсіптік бағдар беру» жұмысы бойынша ZOOM платформасында онлайн кездесу өткізді.
Подробнее ...
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
2021 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің ақпараттық қолдауымен «Вilim-orkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты халықаралық байқауы өткізілген болатын.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын білім алушылардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген «Жылдың үздік студенті» атты халықаралық байқауына М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Технологиялық факультетінің 6В05112 Жалпы биология мамандығының 3 курс студенттері Гайыпов Юсуп Тиркешович және Ядгаров Махмут Яшнарович қатысып, «Жылдың үздік студенті» төсбелгісімен, І дәрежелі дипломдармен марапатталған.
ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗДІК
2021 жылдың 10 желтоқсан күні Технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кафедраның аға оқытушысы С. М. Кантарбаева мен т.ғ.к., доцент Х. Р. Садиеваның ұйымдастыруымен «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында ашық кураторлық сағаты өткізілді. Іс-шараға факультеттің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ғ. С. Анарова, кафедраның профессор оқытушылар құрамы мен 1 - 4 курс студенттері қатысты.
Іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай студенттердің білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, білімге деген ынтасын арттыру.
ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІ ТӘУЕЛСІЗДІК
2021 жылдың 7-ші желтоқсаны күні М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірік университеті Технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының 6В05314-Химия білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері, топ кураторы Мамешова Саят Әлішеріқызы және т.ғ.к., доцент Жарлыкапова Роза Байкешовнаның ұйымдастыруымен онлайн форматта Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Еліміздің ертеңі - Тәуелсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға кафедраның профессор оқытушылар құрамы, 6В05314-Химия білім беру бағдарламасының 1, 2 курс студенттері мен топ кураторлары қатысты.
Тағылымды іс-шара әнұранның орындалуымен ашылып, т.ғ.к., доцент Жарлыкапова Роза Байкешовнаның тақырып төңірегіндегі баяндамасымен және мерекелік құттықтауымен жалғасты.
"ТЕХНОЛОГ" СҒҮ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІНІҢ АШЫҚ ОТЫРЫСЫ
Технологиялық факультеттің "Текстиль, материалтану және стандартизация" кафедрасы "Технолог" студенттік ғылыми үйірмесі 10.12.2021ж. Жамбыл облысы мен Тараз қаласының колледждері мен мектептерінің бітіруші сынып оқушыларына арналған "Қазақстанның былғары-аяқ киім өнеркәсібінің болашағы" тақырыбында дөңгелек үстел форматында ашық отырыс өткізді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - мектеп оқушыларының Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі саласы аясындағы зерттеушілік біліктері мен дағдыларын дамыту. Дөңгелек үстелде Қазақстанның былғары және аяқ киім өнеркәсібінің мәселелері талқыланды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ: ЖАСТАР МЕН БИОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР
02.12.21 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қолданбалы биология» кафедрасының «Өсімдіктер әлемі» студенттік ғылыми үйірмесі (СҒҮ) ұйымдастыруымен Жамбыл облысының мектеп бітіруші оқушылары арасындағы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл: жастар мен биология саласындағы инновациялар» тақырыбында шағын форматында конференция өткізілді. Үйірме жетекшісі биология ғылыми канжижаты, доцент Байтелиева А.М.
Конференцияны Жумабекова Г.Б. - Технологиялық факультеттің ғылыми жұмыстары жөніндегі декан орынбасары, доцент м.а., PhD доктор ашылу салтанатымен бастады.
«ҚОЛДАНБАЛЫ БИОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫНЫҢ КӘСІПТІКБАҒДАР ЖҰМЫСЫ
2021 жылдың 30 қарашасында «Қолданбалы биология» кафедрасының оқытушылары доцент Байтелиева Анар Муратовна, оқытушы Голикова Ксения Николаевна және студент Арслан Умаров «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы» КММ-де кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
«Биохимия» мамандығы бойынша 11-сынып түлектерімен кездесуге М. Х. Дулати атындағы ТарМУ түлегі, «Биология» пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші Жүсіпбекова Жанара Дүйсенханқызы қатысты.
2022 жылы ЕО-қа мүше мемлекеттердің университеттері арасында студенттер мен оқытушылар алмасуы, Еуропалық Одақтың коммерциялық емес Эразмус бағдарламасы бойынша Оломоуц университетінде білім алғалы отырған А.Умаровтың баяндамасы түлектер арасында ерекше қызығушылық тудырды.