ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ: ЖАСТАР МЕН БИОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР

02.12.21 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қолданбалы биология» кафедрасының «Өсімдіктер әлемі» студенттік ғылыми үйірмесі (СҒҮ) ұйымдастыруымен     Жамбыл облысының мектеп бітіруші оқушылары арасындағы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл: жастар мен биология саласындағы инновациялар» тақырыбында шағын  форматында  конференция өткізілді. Үйірме жетекшісі биология ғылыми канжижаты, доцент Байтелиева А.М.

Конференцияны Жумабекова Г.Б. - Технологиялық факультеттің ғылыми жұмыстары жөніндегі декан орынбасары, доцент м.а., PhD  доктор  ашылу салтанатымен  бастады.

3

Конференцияда 12 баяндамашы презентация жасады. Мектеп оқушылары арасындағы орындар презентация ұсыну нәтежелері бойынша марапатталды:

Журунбаева Эльфия Маратқызы - Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы - «Жамбыл облысының дәрілік өсімдіктерінің  электронды ArcMap картасы»тақырыбы бойынша 1 - дәрежелі дипломмен марапатталды.

Хишанло Салима - №34 ОМ, 11 сынып оқушысы «Жусандалинская государственная заповедная зона Жамбылской области» тақырыбы бойынша 2 - дәрежелі дипломмен марапатталды.

Бейсентаева Дильназ Сәбитқызы - Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы  «Жамбыл облысының топырақ-климат жағдайында қытай бұршақ дақылын өсіру агробиологиясы»тақырыбы бойынша 2 - дәрежелі дипломмен марапатталды.

Марқабай Асем Серікқызы  - Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы «Жамбыл облысында арахис дақылын өсірудің агробиологиялық ерекшеліктері» тақырыбы бойынша 2 - дәрежелі дипломмен марапатталды.

Розиева Руфина - №34 ОМ, 11 сынып оқушысы «Семейства Fabaceae на примере соло́дки гла́дкой Glycyrrhí́za glábra» тақырыбы бойынша 3 - дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ақубай Салтанат Абайқызы - Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы « Дәрілік бақбақ –Taraxacum officinale Wigg» тақырыбы бойынша 3 - дәрежелі дипломмен марапатталды.

Мұрат Меруерт Ержанқызы - Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы «Кәдімгі бөріқарақат - Berberis vulgaris» тақырыбы бойынша 3 - дәрежелі дипломмен марапатталды.

6

«Қолданбалы биология» кафедрасының меңгерушісі Зияева Гүлнар Керімбекқызы білімгерлерлің қолдауымен ғылыми жетекшілер, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі Жусипбекова Жанар Дүйсенханқызына, №34 орта мектептің биология пәні мұғалімі Джамбаева Жаксыгуль Бахрадиновнаға технология факультетінің деканы, профессор Аймен Ануарбек Талғатұлының атынан конференцияға қатысқаны үшін салтанатты түрде алғыс хатпен марапаттады.

«Қолданбалы биология» кафедрасының доценті

Анар Муратовна Байтелиева

Top