Кейс оқытушыға оқудың кез келген кезеңінде және әртүрлі мақсаттар үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Тек, кейсті құрастыру кезінде алдымен үш нәрсе назарда тұрса болғаны. Біріншіден, кейс кім үшін және не үшін жазылғаны есте тұруы керек. Одан студенттер нені үйрене алады? Осы сауалдың жауабы болуы тиіс. Ең бастысы – нәтижесі. Семинарда ұсынылған кейс-технологиясының әдістері, студенттердің кейстармен жұмыс атқаруы мұқият қарастырылған. Кейс технологиясындағы оқытушының іс-әрекетіне ерекше көңіл аударылды.
Семинар іскерлік ахуал жүзінде өтті. Тыңдармандар ұсынылған тақырып қарастырған кезде жоғары қызығушылық білдірді. Доцент Г. Сейтбекова сапалы деңгейде тәжірибелік сабақтарды өткізу үшін кейс-технологиясының қандай ерекшеліктерін қолдануға болатынын сұрады.
Өткізілетін осындай ғылыми-әдістемелік семинарлар, оқытушылардың сабақтарының сапа денгейін жоғарлатуына мүмкіндік береді. Семинар материалдарын оқытушының іс жүзінде қолдануы, студенттердің сабақ кезіндегі белсенділігін жоғарлатады. Берілген уақытты тиімді пайдалануға және сабақтағы сұрақтарға дұрыс жауаптарын табуларына мүмкіндік береді.
Ғылыми-әдістемелік семинарға қатысқандар ұсынылған форматтағы осындай семинарлардың қажет екенін айтты.
Роза Баданова,
«Химия және химиялық технология» кафедрасының
аға оқытушысы.