СЕНІМ МЕН СЫЙЛАСТЫҚҚА БАСТАҒАН ІС-ШАРА

Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл айтулы мереке елімізде 2016 жылдан бері аталып өтілуде. Содан бері барлық білім беру мекемелерінде жастарды сыйластыққа, құрметке, адамгершілікке баулитын және құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту мақсатында әр түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Осы дәстүр биыл да жалғасын тауып, «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы Саят Әлішеріқызы 2 курс студенттерімен бірлесіп, университеттің ақпараттық кітапханалық орталығында «Алғыспен ел көгерер!» тақырыбында факультет деңгейінде мерекелік іс-шара өткізді.

Оқытушы мен студенттердің бірлескен жұмыс жүйесін көрсеткен іс-шараға технологиялық факультетінің деканы Әнуарбек Әймен, «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі Бақытгүл Масалимова қатысты.

Студенттер домбырада күй ойнап, тақырыпқа өз ой-пікірлерін ортаға салды. Қазақ, түркмен, орыс тілдерінде өлеңдер оқылып, ән шырқалды. Сонымен қатар, қатысушылар назарына арнайы әзірленген бейне роликтер ұсынылды.

Концерттік бағдарлама аясында кітапханалық ақпараттық орталығының қызметкерлері әзірлеген тақырыптық көрмесін Гүлмира Қуандықова таныстырды. Оқулықтар мен ақпараттық мәліметтер туралы ақпараттармен бөлісті.

Соңынан студенттер арасында танымдық ойын ойнатылып, жеңімпаздарға арнайы бағалы силықтар табыс етілді.

3

4

5

6

Саят Мамешова,
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің
«Химия және химиялық технология» кафедрасының
аға оқытушысы.

Top