МАМАНДЫҚ – ӨМІР ТАҢДАУЫ

Мамандық таңдау – адамның өміріндегі ең жауапты кезеңдердің бірі, өйткені бүкіл болашақ өмір осыған байланысты. Келешекте өкінбеу үшін, бұл мәселеге немқұрайлы қарауға болмайды. Бұл сауал оқушыны ғана емес, сондай-ақ, оның ата-анасын да мазалайды. Себебі, кәсіп таңдау – оқушының өмір жолын анықтайтын шешуші сәттердің бірі.

Осыған орай, 2022 жылдың ақпан айында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен кәсіби бағдар жұмысы бойынша мектеп бітіруші түлектерімен онлайн кездесулер ұйымдастырылды.

Атап айтсақ, қаңтар айынының 26 жұлдызында кафедраның аға оқытушысы Н.С. Мурзкасымованың ұйымдастуымен Тараз қаласындағы №19, 21, 29 және Мойынқұм аулының Жамбыл гимназиясының, Меркі ауылының А. Құнанбаев атындағы орта мектебінің бітірушілерімен онлайн форматта кездесу өткізілді. Ал, 27 қаңтарда ZOOM платформасында кафедраның қауымдастырылған профессоры Г.А. Сейтбекованың ұйымдастыруымен Жамбыл облысы, Жуалы ауданының М.В. Ломоносов атындағы орта мектебінің, Мыңбұлақ орта мектебінің, М. Ғабдуллин атындағы орта мектебінің, Ақтөбе орта мектебінің, №1 гимназия мектебі, №15 мектеп лицей, А. Байтұрсынов атындағы орта мектебінің, Жаңаталап орта мектебінің, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің, А.С. Пушкин атындағы орта мектебінің Қ. Сағындықов атындағы орта мектебінің, Алатау орта мектебінің, Т. Әкімов атындағы орта мектебінің және  №19 Д. Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің 11 сынып түлектерімен кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді. Сонымен бірге, осы күні кафедраның аға оқытушысы С.М. Қаңтарбаева Жамбыл облысы Жуалы ауданы №18 М. Ғабдулин атындағы мектебі, Д. Қонаев атындағы орта мектебі,  Талас ауданы М.Әуезов атындағы орта мектебі, Тараз қаласының №25, 30, 51 орта мектептерімен онлайн кездесу жүргізді. Кафедраның қауымдастырылған профессоры Г.К.Матниязова 27 қаңтар күні Тараз қаласының №13, 32, 31 орта мектептерімен, ал аға оқытушысы Д.Т. Алтынбекова Байзақ ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебімен, Тараз қаласының №9, 23 және 46 орта мектептерінің түлектерімен, 28 ақпан күні кафедраның қауымдастырылған профессоры А. Н. Нурлыбаева Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылы М.В. Ломоносов атындағы №5 орта мектебімен, Тараз қаласының СШОТ үш тілді мектебімен, аға оқытушы Р.М. Құдайбергенова Тараз қаласының №33, 51, 17 орта мектептерінің түлектерімен, Талас ауданы «Қаратау құрылыс-техникалық» колледжі студенттерімен аға оқытушы С. М. Наурзкулова

Мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу барысында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің қабылдау комиссиясы жауапты хатшысының орынбасары Қожас Олжас Оңғарұлы университетіміздегі білім беру бағдарламалары, өткізілетін ұлттық біріңғай тестілеудің (ҰБТ) жаңа ережелерімен, тапсыру кезеңдерімен таныстырып және мектеп түлектерінің, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, «Химия және химиялық технология» кафедрасында кәсіби мамандарды дайындайтын білім беру бағдарламалары туралы, 6В05314-«Химия», 6В07115-«Химиялық инженерия және процестер» білім беру бағдарламаларына түсу үшін таңдау пәндері, сонымен қатар, түлек білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін бітірушінің кәсіби қызметінің түрлері және осы білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін түлек орындай алатын мамандықтар тізімі туралы ақпараттар, кафедраның жетістіктері мен зертханаларындағы заманауи құралдармен жабдықталғаны туралы мәліметтер берілді.

Алтынбекова Динара Тансыковна

«Химия және химиялық технология» кафедрасының

аға оқытушысы, химия магистрі

Top