ҰСТАЗ ӨНЕГЕСІ – ЖАСТАРҒА ҮЛГІ

Қазақ даласындағы ұлттық мектептің қалыптасу тарихында педагог Ыбырай Алтынсариннің есімі ерекше аталады. Оның ұстаздық жолымен қатар, мол мұралары жас зерттеушілер үшін әлі тың тақырып. Ұстаз еңбектерінің жастардың таным-түсінігін кеңейтіп, танымдық көзқарастарын нығайтуға да тигізер ықпалы көп.

Жастардың шығармашылық ізденістерін арттыру мақсатында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Химия және химиялық технология» кафедрасының доценті Гүлназия Сейтбекова және 1-3 курс студенттері «Ұлы есімдер – Ы. Алтынсариннің өнегесі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

Іс-шарада ұлы ағартушының өмірі мен шығармашылығын, тұлғалық келбетін ашатын  тың ақпараттарға толы бейнебаян көрсетілді. Студенттер  Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін оқып, шығармашылығы туралы  өз ойларын ортаға салды.

2

Жастар Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің желісі бойынша қойылымдар көрсетті. Сондай-ақ, кітап көрмесі ұйымдастырылғанын да айта кеткен жөн.  «Ұлы есімдер – Ы. Алтынсариннің өнегесі» атты ашық тәрбие сағаты танымдық сипаты терең, өте мазмұнды, жоғары деңгейде өтті.

3

Гүлназия Аташбекқызы,

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

«Химия және химиялық технология» кафедрасының доценті.

Top