"ТЕХНОЛОГ" СҒҮ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІНІҢ АШЫҚ ОТЫРЫСЫ

Технологиялық факультеттің "Текстиль, материалтану және стандартизация" кафедрасы "Технолог" студенттік ғылыми үйірмесі 10.12.2021ж. Жамбыл облысы мен Тараз қаласының колледждері мен мектептерінің бітіруші сынып оқушыларына арналған "Қазақстанның былғары-аяқ киім өнеркәсібінің болашағы" тақырыбында дөңгелек үстел форматында ашық отырыс өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - мектеп оқушыларының Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі саласы аясындағы зерттеушілік біліктері мен дағдыларын дамыту. Дөңгелек үстелде Қазақстанның былғары және аяқ киім өнеркәсібінің мәселелері талқыланды.

2

Отырысты кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Шардарбек М.Ш. алғы сөзімен ашты.
Технологиялық факультет деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, доцент м.а., PhD доктор Джумабекова Г. Б. "Технолог" СҒҮ қызметі мен жетістіктері туралы баяндамамен таныстырды.

Дөңгелек үстелде Тараз қаласының №11, №13, №36, №42 мектептерінің оқушылары және "Технолог" СҒҮ мүшелері презентация жасады. Сондай-ақ, онлайн форматта ZOOM платформасында Байзақ ауданы мектептерінің: Байзақ атындағы мектеп-гимназия (Сарыкемер ауылы), Беспаев атындағы орта мектеп (Ақбұлым ауылы), Тараз қаласының №30 мектеп-гимназиясы мен №11 орта мектептерінің оқушылары белсенді қатысты. Дөңгелек үстел қонақтары оқушылар мен студенттердің баяндамаларын қызығушылықпен тыңдады.

3

Студенттік ғылыми үйірменің ашық отырысының қорытындысы бойынша келесі мектеп оқушыларына сертификаттар табысталды: №11-Темірбаева Әмина, №13 – Мирас Қайрат, №36 - Қожагелді Назерке, №13 - Мәден Бақтияр, №42 - Щварц Даниил, сондай-ақ "Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары" ББ 1 курс студенттері Тұрым Жанел, Дәнебеков Ұлан, "Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы" ББ Садуақас Аяжан.

Бітіруші сынып оқушыларын дөңгелек үстелге дайындағаны үшін келесі жетекшілер алғыс хатпен марапатталды: №13 мектебінің меңгерушісі Құлбаева А., №36 мектебінің меңгерушісі Әбиров О.М., №42 мектебінің меңгерушісі Құралбаев А., №42 мектебінің мұғалімі Жолтас И.Т., №11 мектебінің мұғалімі Орымбаева Ф.М.
"Технолог" студенттік ғылыми үйірмесінің осындай ашық отырысы оқу жылының әр семестрінде жоспар бойынша бір рет өткізіледі, келесі ашық отырыс 2022 оқу жылының сәуір айына жоспарланған.

Top