Технологиялық факультеттің "Қолданбалы биология" кафедрасында "Зиянкестермен биологиялық күресу әдістері" пәні бойынша "Жалпы биология" мамандығының 1 курс магистранттарында ашық практикалық сабақ өткізілді.
PhD доктор, "Қолданбалы биология" кафедрасының доцент м.а. Момбаева Бекзат Кунсалиевна 2022 жылдың 25 ақпанда "Майлы дақылдар зиянкестері" тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізілді.
Егер дәріс кезінде білім алушы ғылыми білімнің негізін жалпылама түрде алса, практикалық сабақтар осы білімді тереңдетуге, кеңейтуге және кәсіби қызмет дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Практикалық сабақтар магистранттардың ғылыми ойын дамытады.
Өсімдіктерді зиянкестерден қорғау - зиянскестермен күресу шараларының теориялық және әдіснамалық негіздерін жасайтын ғылым, қолданбалы биологияның саласы. Магистранттар осы курста зиянды жәндіктердің сыртқы және ішкі құрылымымен танысады, сонымен қатар зиянкестермен күресу әдістерін қарастырады.
Ашық сабақ барысында зиянкестер коллекциясы қолданылды.
Дайындалған материал презентация түрінде көрсетілді. Сабаққа кафедра меңгерушісі Г. К. Зияева, сондай-ақ "қолданбалы биология"кафедрасының ПОҚ мүшелері қатысты.
PhD доктор, "Қолданбалы биология"
кафедрасының доценті
Момбаева Бекзат Кунсалықызы