Қазақстан 2010 жылы Болон процесінің толыққанды қатысушысы болды. Ал қол қойылған келісімдерге сәйкес Қазақстан Біртұтас еуропалық білім және ғылым кеңістігін құрудың негізінде жатқан барлық идеялар мен қағидаттарды іске асыруды қамтамасыз етуге міндеттелді. Бұл жағдай Болон процесінің параметрлерін іске асыру және қалыптасқан кемшіліктерді жою мақсатында Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде қарқынды қайта құру қажеттілігін алдын ала анықтайды.
Кафедраның кәсіптік бағдар беру мақсаты – түлектерге жоғары оқу орнына түсу кезінде саналы және дұрыс мамандық таңдауына көмектесу. Кездесу барысында мектеп оқушыларына жоғары оқу орындарына құжат қабылдаудың жаңа ережелері, сондай-ақ кафедраның тарихы мен жетістіктері және 6В05112- «Жалпы биология», 6В05111 - «Медикалық биология ісі» мамандығы бойынша студенттер таныстырылды.
Мектеп түлектеріне бейнероликтер көрсетіліп, кафедраның білім беру бағдарламалары туралы қысқаша ақпарат берілген буклеттер таратылды.
«Қолданбалы биология» кафедрасының оқытушысы
доцент Анар Муратовна Байтелиева 30 қараша 2021 ж.