ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІ ТӘУЕЛСІЗДІК

2021 жылдың 7-ші желтоқсаны күні М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірік университеті Технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының 6В05314-Химия білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері, топ кураторы Мамешова Саят Әлішеріқызы және т.ғ.к., доцент Жарлыкапова Роза Байкешовнаның ұйымдастыруымен онлайн форматта Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Еліміздің ертеңі - Тәуелсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға кафедраның профессор оқытушылар құрамы, 6В05314-Химия білім беру бағдарламасының 1, 2 курс студенттері мен топ кураторлары қатысты.

Тағылымды іс-шара әнұранның орындалуымен ашылып, т.ғ.к., доцент Жарлыкапова Роза Байкешовнаның тақырып төңірегіндегі баяндамасымен және мерекелік құттықтауымен жалғасты.

– Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 30 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп, көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген отандастарымызды ортақ мерекемізбен құттықтаймын! Ұрпақтарымыздың ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабаларымыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін, – делінген құттықтау сөзінде.

WhatsApp Image 2021 12 07 at 13.46.39

Дөңгелек үстелде 6В05314-Химия білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Хусанов Нұрсұлтан «Тәуелсіздіктің ақ таңы» тақырыбында баяндама жасап, қатысушыларға викториналық сұрақтар қойса, Серікбай Жазира, Нұрқұл Мейірім, Тоқмаханбет Ақназ, Уринбасарова Маржан және Бахтиярқызы Диана Тәуелсіздік жайында өлең жырларын нақышына келтіріп мәнермен оқып берді. Қуанышбекова Азиза «Еліміздің ертеңі - Тәуелсіздік» тақырыбында дайындалған презентациялық материалдарға сүйеніп баяндама оқыды. Шара барысында арнайы тақырыптың мәнін ашатын бейнефильм, «Көк тудың желбірегені» әні қатысушылар назарына ұсынылды.

«Химия және химиялық технология» кафедрасының

аға оқытушысы, химия магистрі Мамешова Саят Алишериевна

 

Top