Жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, дәстүр-салтымызды дәріптеу мақсатында «Технологиялық» факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасында 3 курс студенттері мен топ кураторы Эльвира Байбазарова және Роза Баданова Ұлыстың ұлы күнінде ұлықталатын амалдар мен салт-дәстүрлерді қайта жаңғыртып, «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді.
Іс-шараға кафедра меңгерушісі Бақыткүл Масалимова және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Бақыткүл Қабыкенқызы ұлттық құндылықтар туралы ой қозғап, топ студенттері бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіре отырып жақсы көтеріңкі көңіл күймен бастады.
Іс-шарада студенттер өз өнерлерін көрсетіп және Kahoot компьютерлік бағдарламада ойын өткізіп жүлделі орындарға сыйлық сыйлады. Соңында барша жиналған қонақтарға қазақтың ұлттық тағамы Наурыз көже мен тәтті тағамдар таратылды. Өткізілген ашық куратор сағаты өз мақсатына жетті.
Эльвира Байбазарова,
«Химия және химиялық технология»
кафедрасының аға оқытушысы.