Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тіл тарихы және түркітану» бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымының кандидаты Айнұр Сейітбекова, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Филология және журналистика» кафедрасының аға оқытушылары Әлия Түймебекова, Балмира Мырзабаева, Ғалия Абдыханова жетілдірілген әліпби бойынша өз ойларымен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін айтты. Айнұр Сейітбекова «Жаңа әліпбидегі кірме әріптер» жайында баяндама оқыды, жаңа әліпбидегі кейбір кірме әріптер бойынша сауалнама жүргізді. Университет оқытушылары әліпбидегі кейбір оқуға қиындық келтіретін әріптер мен жаңа емле ережелерге өз пікірлерін алға тартып, ұсыныстарын жеткізді.
Ғалымдар латын әліпбиіне көшудің бірқатар артықшылықтарын атап отыр. Сондықтан жаңа әліпби – ұлттық тіліміздің бірлігімізді сақтап қалатын бірден бір жолы. Университетте «Әліпби реформасына» қатысты өтікізілген бұл іс шара танымдық-тәрбиелік тұрғыдан өз мақсатына жетті деп ойлаймыз.
Гүлназия Аташбекқызы,
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Химия және химиялық технология» кафедрасының доценті, т.ғ.к.