«ЕШКІМ ЖАЛАҢ АЯҚ ЖҮРМЕЙДІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2025 жылдың 24 сәуірінде «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасында жұмыс жасайтын «Технолог» студенттік ғылыми үйірмесінің бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес «Ешкім жалаң аяқ жүрмейді» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Тараз қаласының 11 және 9 сынып мектеп оқушылары және кәсіби бағдар жұмысы жөніндегі мектеп мұғалімдері қатысты.

Толығырақ

Балаларға жақсы көңіл-күй сыйлады

1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Технологиялық факультеттің оқытушысы Гүлшат Масатбаева және студенттердің ұйымдастыруымен Жамбыл облысының әкімдігінің білім беру басқармасының “Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау” орталығына балаларға жақсы көңіл – күй сыйлау мақсатында барып келді.

Толығырақ

Технологиялық факультетте антиплагиат бойынша семинар өтті

Университетіміздің технологиялық факультетінде антиплагиат мәселелеріне арналған семинар өтті. Іс-шара университеттің оқытушылары мен қызметкерлерін тартып, ғылыми қызметте академиялық адалдық пен шыншылдық стандарттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Толығырақ

Сапалы өнім-сенімді болашақ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының «Стандарт және сапа»» студенттік – ғылыми үйірмесі ұйымдастырып отырған «Сапалы өнім-сенімді болашақ» жасалып отырған іс-шара. Тараз қаласынан, Жамбыл ауданынан катысқан оқушылар мен ұстаздар арасындағы ғылыми-үйірме бойынша жасалған шағын конференция өткізілді.

Толығырақ

«МЕНІҢ БОЛАШАҚ МАМАНДЫҒЫМ» АТТЫ ЭССЕ БАЙҚАУЫ

2025 жылдың 10 сәуірінде «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасында жұмыс жасайтын «Технолог» студенттік ғылыми үйірмесінің бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес «Менің болашақ мамандығым» тақырыбындағы эссе байқауы өткізілді. Байқауға Тараз қаласының 11 және 9 сынып мектеп оқушылары мен Қаратай технология және бизнес колледжінің студенттері қатысты.

Толығырақ

«Наурыз көже — ұлыс дәмі»

Әз Наурыздың құрамдас бөлігінің бірі – Наурыз көже. Ұлттық тағам әр дастарханның көркі болған. Халықтық дәстүр бойынша оған жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылып дайындалған.

Толығырақ

№1 СТУДЕНТТЕР ЖАТАҚХАНАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ӨТІЛГЕН ІС-ШАРА

2025 жылдың 27-ақпанында Технологиялық факультеттің "Текстль, материалтану және стандартизация" кафедрасының оқытушылары Ж.С.Рахманова, Г.А.Касымова , Г.Б.Демеуова, Э.Е.Сарыбаеваның ұйымдастыруымен №1 студенттер жатақханасында тұратын факультеттің шетел студенттері арасында конфессия және этносаралық келісімді орнату мақсатында университеттің Дінтанушы маманы Б.Алпысбаевпен және «Мен жаңа ортамен біргемін» атты тақырыпта Әлеуметтік жұмыс басқармасының психологы Ш.Б.Бүйембаевамен кездесу өткізілді.

Толығырақ

«ЕҢ ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ» АТТЫ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

“Endless Light in Science” Халықаралық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 27 желтоқсан күні өткен «Ең үздік Жас Ғалым» атты жобасының жеңімпазы Шубаев Мейірхан І-дәрежелі дипломды иеленді.

Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

NATIONAL ACADEMY OF SCIENTIFIC AND INNOVATIVE RESEARCH комитетінің ұйымдастыруымен өткізілген жас ғалымдардың кәсіби жетістіктері мен ғылымның дамуына қосқан үлесін мойындау және жоғары білікті, бәсекеге қабілетті зерттеушілерді құру, ғылымға дарынды жастарды тарту, жас ғалымдардың үлесін арттыру мақсатында өткізілген халықаралық конкурстың жеңімпазы «Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының 6В07122 - «Басқару жүйесіндегі автоматтандыру және ақпараттандыру» БББ-ның 4-курс студенті Акилов Е.К. «2024 жылдың ең үздік студенті» конкурсында «Білім беру ұйымдарында киберқауіпсіздікті арттыру үшін Linux мүмкіндіктері» тақырыбында зерттеу жұмысымен І-дәрежелі дипломды иеленді.

Толығырақ

Медициналық қызметкерлермен кездесу.

Алғашқы медициналық жәрдем — тікелей зақым ошағыңдағы халықтың өзіне-өзі немесе өзара көмек көрсету тәртібімен, санитариялық жасақтар, зақым ошағын жоюға қатысқан азаматтық қорғаныс жасақтарының адам құрамы, сондай-ақ сау қалған емдік-профилактикалық мекемелердің қызметкерлері көрсететін көмек.

Толығырақ

М. Х. Дулати атындағы университетінің ғылыми байланысты күшейтуі мен серіктестігі

2024 жылдың   23-24 қазан айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде университеттің 90 жылдығына және академик Шалтай Смағұловтың 75 жыл толуына  орай «Computational and Information Technologies in Science, Engineering and Education (CITech-2024)» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Іс-шараға  Қазақстаннан, алыс және жақын шетелдерден белгілі ғалымдар, профессорлар жиналды. Конференция панельдік  сессиялар аясында өтті, оның барысында ғалымдар ғылым, техника және білім саласындағы есептеу және ақпараттық технологиялардың өзекті мәселелерін талқылады.

         Ғылыми конференцияға М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Қолданбалы математика және физика» кафедрасының оқытушылары - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) түлектері: кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор М.Т.Кейкиманова,  т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ю.Р. Крахмалева, ардагер, т.ғ.к. А.Т. Жақаш қатысты. «Mathematical and numerical modelling groundwater contamination processes»,

«Mathematical modelling of dynamic systems with two degrees of mobility and its solutions» тақырыбындағы докладтары  конференцияның «Математикалық және компьютерлік модельдеу» секциясында тыңдалды.

Толығырақ

Құттықтаймыз!

М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік университеті, Технологиялық факультет, «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы Кудайбергенова Рабиға Мусапаровнаға  8D05311 – Химия мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Толығырақ

Үндістан ғалымы Виктор Джон Сундар студенттерге дәріс жүргізді

Орталық Былғары Ғылыми-Зерттеу Институтының (Үндістан) ғалымы Виктор Джон Сундар 2024 жылдың 7 маусымында Джумабекова Г.Б., Абзалбекұлы Б., Юсупова Л.Х., Байдильдаева А.К. ұйымдастыруымен «6В07222-Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары» білім беру бағдарламасының 1, 2 және 3 курс студенттеріне дәріс жүргізді.

Толығырақ

ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СЕМИНАР

2024 жылдың 4 маусымында Орталық Былғары Ғылыми-Зерттеу Институтының профессоры Виктор Джон Сундар "Текстиль, материалтану және стандартизация" кафедрасының профессор-оқытушы құрамына семинар жұргізді. Семинар барысында ғалым Үндістан және Ченнай қаласына шағын шолу жүргізді, Институтпен және былғарыны өңдеу бағытындағы зерттеулермен таныстырды.

Толығырақ

ХVІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

2024 жылдың 23-24 мамырында АҚ Алматы технологиялық университетінің базасында Қазақстан Республикасы ЖОО студенттері арасындағы ХVІ Республикалық пәндік олимпиаданың 2-ші кезеңі өтті. 6В07211-«Инновациялық текстиль» білім беру бағдарламасы бойынша олимпиадаға біздің университеттің студенттері (Кенгесбаева Гулдерай Галимжанқызы, Абдрахман Гаухар Исаханқызы, Усипбекова Бақтыгүл Саматқызы) де қатысты.

Толығырақ

Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті

Кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселелердің бірі. Нәтижесі қоғамның экономикалық өміріне әсер етеді. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе», – деп Ж.Аймауытов айтқандай, айтулы маман иесі боламын десек, алға ұмытылуымыз керек.

Толығырақ

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары орындалуда

Кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде қызу жүргізілуде. Бұл жұмысқа Университеттің технологиялық факультетінің «Тоқыма , материалтану және стандартизация» кафедрасының ұжымы белсене қатысуда.

Толығырақ

Кәсіптік бағдар жұмысы жүргізілді

Кәсіптік бағдар дегеніміз мамандық таңдаудағы жеке икемділіктерінің, қызығушылығының, кәсіптік ынтасына және қоғамның әр-түрлі деңгейдегі квалификациялы және әр-түрлі мамандық кадрларына сұранысымен жастарды дайындаудағы бағытталған іс-әрекет екенін білеміз.

Толығырақ
Top